Кісі өлтірді деп күдіктелген күйеудің немере ағасы марқұм Айзирек Ералиеваның бес баласының қамқоршысы болуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы марқұмның туыстарына заңгерлік көмек көрсететін омбудсмен институты хабарлады.
38 жастағы Айзирек Ералиева 26 мамырда сағат 23: 20 шамасында оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның қайтыс болғанын растады. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ретінде 1985 жылы туған күйеуі қамауға алынып, екі айға қамалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Марқұмнан бес бала қалды: үлкені 17 жаста, екінші ұлы 9 жаста, үшіншісі 11 жаста, төртінші қызы 7 жаста, кішісі 4 жаста.