Әділет министрлігіне бір жылда өтініш берген 17 саяси партияның бірде-бірі тіркеле алмады
– 2023-24 жылдары түрлі бастамашыл топтардан тіркеу бойынша 17 өтініш келіп түсті. Енді бұл тұрғыда әр тармақ бойынша ескерту бар, әрине, оның бәрін қазір атай алмаймын. Мен дәл айта алатыным: партиялардың тіркеуден бас тартуының негізгі себептерінің қатарында рәсімдердің сақталмауы және тіркеуге тікелей өтініш берген кездегі, адамдар тізімімен жұмыс істеудегі мәселелер бар, – дейді Қазақстанның әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова.