• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Air Astana Boeing 787-9 Dreamliner ұшақтарына жаңа тапсырыс берді

Air Astana Boeing 787-9 Dreamliner ұшақтарына жаңа тапсырыс берді

7 ноября, 2025 Жаңалықтар
Фото: Air Astana

Астана. 7 қараша. BM.KZ — Air Astana әуе компаниясы Boeing компаниясымен 15 Boeing 787-9 Dreamliner ұшағын жеткізу жөнінде келісімшартқа қол қойғанын хабарлайды.

Әуе компаниясы тарихындағы бұл ең ірі тапсырыс: оған расталған бес ұшақ, бес опцион және бес сатып алу құқығы кіреді. Келісімшартты Air Astana директорлар кеңесі мақұлдап, қазіргі уақытта қажетті корпоративтік рәсімдер аяқталу үстінде.

Бұл тапсырыс 2026-2027 жылдары жеткізілуі жоспарланған үш Boeing 787-9 ұшағына қатысты келісімшартты толықтырады. Осылайша, жалпы тапсырыс көлемі 18 әуекемесіне дейін ұлғайды. Жаңа ұшақтар 2032-2035 жылдар аралығында жеткізіледі. Қозғалтқыштарымен қоса есептегенде, Boeing 787-9 Dreamliner ұшағының 18 данасының жалпы құны 7 миллиард АҚШ долларын құрайды.

«Air Astana алдағы онжылдықта Орталық Азия мен Кавказ өңірінен Азияға, Еуропаға және әлемнің басқа аймақтарына ұшу мүмкіндіктерін кеңейту стратегиясын дәйекті түрде жүзеге асырып келеді. Келесі жылы алғашқы Boeing 787-9 Dreamliner ұшағының жеткізілуі компания дамуының жаңа кезеңін ашады. Dreamliner жайлы салонымен, отын үнемділігімен және әртүрлі бағыттарда тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін икемділігімен ерекшеленеді. Бұл үлгідегі 18 ұшақтан тұратын флот жолаушыларымызға қызмет пен жайлылықтың жаңа деңгейін ұсынады.» — деді Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостер.

Air Astana компаниясы Boeing әуе кемелерін ұзақ жылдар бойы сәтті пайдаланып келеді. Компания өз қызметін 2002 жылы Boeing 737-700/800 ұшақтарымен бастап, Қазақстан ішіндегі және Орталық Азия елдеріне рейстер орындады.

2003 жылы флотқа Boeing 757-200 ұшақтары қосылып, Азия мен Еуропа бағыттарына алыс рейстер ашылды. Boeing 737 және Boeing 757 ұшақтары 2007 және 2020 жылдары пайдаланудан шығарылды. 2013 жылы компания әуепаркі үш жаңа Boeing 767-300ER ұшағымен толықты, олар бүгінде халықаралық және сұранысы жоғары ішкі бағыттарда қолданылады.

Air Astana Boeing Boeing 787-9 Dreamliner ұшақ

Оқылып жатыр

Шымбұлақ пен Ой-Қарағай курорттары аспалы жол арқылы біріктіріледі

Ұлыбританиялық акционер Air Astana-дағы үлесін сатпақ

Батыс Қазақстанда жол апатынан үш адам көз жұмды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Шымбұлақ пен Ой-Қарағай курорттары аспалы жол арқылы біріктіріледі

Жаңалықтар 17 декабря, 2025

Астана. 17 желтоқсан. BM.KZ — Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды туризмді дамытуға туристерге арналған инфрақұрылымның…

Ұлыбританиялық акционер Air Astana-дағы үлесін сатпақ

17 декабря, 2025

Батыс Қазақстанда жол апатынан үш адам көз жұмды

17 декабря, 2025

Дәрігерді соққыға жыққандарға жаза күшейтілді — Мәжіліс

17 декабря, 2025

Мемлекет басшысы ресурстарды үнемдеп пайдалануға шақырды

17 декабря, 2025

Жеке меншік мектептер дауы: 60 орындық мектепке 600 оқушының ақшасы бөлініп келген

17 декабря, 2025

11 айда экономика өсімі 6,4 пайыз болды – Серік Жұманғарин

17 декабря, 2025

Қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова 96 жасқа толды

17 декабря, 2025

ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Автомобилисттен» басым түсті

17 декабря, 2025

Режиссер Роб Райнер мен әйелінің өлімі: ортаншы ұлы күдікке ілінді

17 декабря, 2025

Әуеде Air Astana ұшағының салонында өрт шықты

17 декабря, 2025

Италия тауларында мыңдаған динозавр ізі табылды

17 декабря, 2025

​Атырауда қайтқан адамның сүйегі пәтерде үш апта жатып қалған

17 декабря, 2025

БҚО-да тағы бір ер адамның денесі табылды

16 декабря, 2025

Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы телемұнара жаңа реңке боялды

16 декабря, 2025

Forbes: Маск 600 миллиард доллар байлығы бар бірінші адам болды

16 декабря, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16 декабря, 2025

БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

15 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлының допинг ісіне қатысты маңызды жаңалық айтылды

15 декабря, 2025

Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай үш жылға бас бостандығынан айырылды

15 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.