22 маусым, сағат 11:30 шамасында Астана қаласына жақын орналасқан Жоламан әуеайлағы маңында оқу-жаттығу ұшуын орындау барысында жеңіл моторлы TL-2000 әуе кемесі апатқа ұшырады.
Ресми мәліметке сәйкес, ұшақ жеке тұлғаға тиесілі болған. Алдын ала деректер бойынша, әуе кемесінде екі экипаж мүшесі болған, екеуі де оқиға орнында көз жұмды.
Апаттың нақты себептері анықталу үстінде. Осыған байланысты авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеп-тексеру жөніндегі арнайы комиссия құрылатыны хабарланды.
Көлік министрлігінің көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаменті мамандары оқиға орнына аттанып, тиісті тергеу жұмыстарын бастады.