Астанадағы автобус апатынан кейін үш адам ауруханаға түсті. Олардың екеуі жансақтау бөлімінде, бірі – 8 жастағы қыз. Дәрігерлер оның екі аяғын кесуге мәжбүр болды.
37 жастағы автобус жүргізушісі қамауға алынып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Оқиға Республика даңғылы бойындағы «Самал» ықшамауданы маңында болған. Маневр жасау кезінде автобус бағанаға соғылған. Қазір апат орнында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.