• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Астанада жаңа қоғамдық кеңістік серуен мен демалыс орнына айналмақ

Астанада жаңа қоғамдық кеңістік серуен мен демалыс орнына айналмақ

22 сентября, 2025 Жаңалықтар
Фото: Рамазан Сергазиев

Астана тұрғындары үшін қалада тағы бір қоғамдық кеңістік пайда болды. Сарайшық ауданында, Р.Қошқарбаев – Тəуелсіздік даңғылдары мен А. Байтұрсынов көшесі аралығындағы аумақта астаналықтар енді жаңартылған жолмен серуендеп, жаңадан пайда болған велосипед жолымен қатынай алады.

Жаңартылған орын кеше өткен жаймашуақ жексенбіде қала тұрғындарына таныстырылды. Аудан әкімшілігі қуанышты жайтты құр өткізбей, сол төңірек тұрғындары үшін көңілді шара ұйымдастырды. Онда спорттық ойындар, балаларға арналған ойын-сауық, отбасылық және балалар сайыстары өтіп, аниматорлар бүлдіршіндердің көңілін аулады. Сондай-ақ, батпырауық ұшырып, викториналар қойылып, соңына қарай көше музыканттары шараның шырайын аша түсті.

Фото: Рамазан Серғазиев

Жалпы биыл Астанада абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Оның ішінде, «Сарайшық» ауданында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында бірқатар аулалар мен қоғамдық кеңістіктер жаңартылды.

Сарайшық ауданы әкімінің орынбасары Шұғыла Құдайбергеннің айтуынша, аудандағы 263 аула аумағының 223-і қанағаттанарлық жағдайда болса, 40 аулаға күрделі жөндеу қажет.

«Ауданымызда биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 15 ауланы абаттандырумен қатар, жаңадан 3 кеңістік пайдалануға беріліп жатыр. Оның бірі кеше ғана Жүргенов көшесінің бойындағы «Жұмысшы мамандықтар жылына» арланған аллея болса, бүгін де міне, Р.Қошқарбаев – Тəуелсіздік даңғылдары мен А. Байтұрсынов көшесі үшбұрышындағы кеңістікті жаңартылған кейіпке енді. Тағы екеуінде жұмыс жүріп жатыр. Бір жағынан, тамаша ауа-райын пайдаланып, тұрғындарға, балаларға көңілді сәт сыйлағымыз келді», – дейді ол.

Фото: Рамазан Серғазиев

Сонымен бірге, төртінші қоғамдық кеңістік – «Bravo Family» тұрғын үй кешені мен №93 мектеп-лицей жанында абаттандыру жұмыстары басталып кеткен.

Әсіресе Р. Қошқарбаев – Тәуелсіздік даңғылдары мен А. Байтұрсынов көшесі аралығындағы орын ерекше құлпырып шыға келді. Мұнда 14 мың шаршы метр жаяулар жолы төселіп, 1900 метрлік веложол салынды. Бұл жерде бұрын мұндай болмаған.

Оның үстіне, тұрғындардың қолайлылығы үшін 3 мың шаршы метр автотұрақ жасақталып, орындықтар қойылды. Көгалдандыру жұмыстары аясында 140 түп ағаш отырғызылып, тағы 90 ағаштың орны дайындалды. Бұл аумақ гүлмен де көмкеріле түскен. Мәселен, 3500 сәндік гүлді бұта егілген.

Әсемдік үшін 20 тіреуші қабырға тұрғызылды. Жарықтандыру да жаңа деңгейге көтеріліп, 52 жарық тіреуіші мен 51 сәндік жарық құрылғысы, сондай-ақ гүлзарларды айшықтайтын 16 шам орнатылды. Балалар мен жасөспірімдер үшін шағын сәулет нысандары қойылып, бұл кеңістік нағыз демалыс орнына айналды.

Фото: Рамазан Серғазиев

Жалпы алғанда, «Сарайшық» ауданында экологиялық айлық шеңберінде 4 мың ағаш отырғызу жоспарланған. Жыл соңына дейін аудан аумағында 10 мыңнан астам ағаш пен 20 мың бұта егілмек. Осылайша, жаңа қоғамдық кеңістіктер мен жасыл желек тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға, ал қаланың көркін айшықтай түсуге ықпал етпек.

Айта кетейік, биыл елордада 170-ке жуық аула мен қоғамдық кеңістіктерді – саябақтар, скверлер мен бульварларды абаттандыру көзделген. Жұмыс барлық аудандарды, соның ішінде тұрғын алаптарды да қамтиды. Сонымен қатар, Астанада көгалдандыру белсенді жүргізіліп жатыр: 1 млн-нан астам жасыл желек отырғызу жоспарланған.

аллея астана Байтұрсынов көшесі қоғамдық кеңістік Сарайшық ауданы

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Семейдің қақ ортасында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 сентября, 2025354 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.