• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Астанадағы негізгі қысқы ойын-сауық орындары қай жерде?

Астанадағы негізгі қысқы ойын-сауық орындары қай жерде?

23 декабря, 2025 Астана
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана. 23 желтоқсан. BM.KZ – Елордада тұрғындардың, әсіресе балалар мен ересектердің қысқы демалысын қызықты әрі денсаулыққа пайдалы ету бағытында ауқымды жұмыс жүргізілуде.

Астананың алты ауданындағы 34-тен астам локацияда мұздан жасалған сырғанақтар, мұз айдындары, түрлі-түсті фотоаймақтар мен ерекше шағын сәулеттік формалар орнатылып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жалпы қала бойынша 57 сырғанақ пен мұз айдыны пайдалануға берілді.

Сарыарқа ауданында 12 сырғанақ пен 4 мұз айдыны жабдықталған. Қалалық алаңда үлкен сырғанақ пен мұз айдыны орнатылып, мерекелік фотосуреттерге арналған тақырыптық фотоаймақтар мен шынайы шырша қойылған.

Бөгенбай батыр даңғылы, 43 мекенжайындағы гүлзарда ортасында үлкен шыршасы бар мұз айдыны ашылды. «Көктал» саябағында әртүрлі жас санатына арналған екі сырғанақ пен жаппай сырғанауға арналған үлкен мұз айдыны бар. Ал А.Герцен мен Оқжетпес көшелерінің қиылысында сырғанақ орнатылған.

Байқоңыр ауданында негізгі ойын-сауық нысандары «Жастар» сарайының аумағында (Республика даңғылы, 34) орналасқан. Мұнда мұз айдыны, сырғанақ пен жаңа жылдық шырша қойылған. Ж.Тәшенев көшесіндегі Ататүрік атындағы саябақта да мұз айдыны мен сырғанақ бар. Абай даңғылындағы «Қаламгерлер аллеясында» сырғанақ, шыршалар, жаңа жылдық инсталляциялар мен шағын сәулеттік формалар орнатылған.

Сондай-ақ Өндіріс тұрғын алабында (Ақбидай мен Кемеңгерұлы көшелерінің қиылысы), Өзен көшесінде (Өзен көшесі мен Жезкиік тұйығы), Кірпішті тұрғын алабында (Чехоев пен Жолымбет көшелерінің қиылысы) мұз айдындары мен сырғанақтар ашылды.

Есіл ауданында қысқы серуеннің басты орталығы дәстүрлі түрде ЭКСПО аумағы болып отыр. Мұнда мұз айдыны, сырғанақ және мерекелік шырша қойылған. Сонымен қатар Пригородный тұрғын алабында және «Бағыстан» тұрғын кешенінде де сырғанақтар бар. Жаңа жылдық шыршалар Түркістан көшесі жағындағы Ботаникалық бақта, Қазақ радиосы көшесінің бойында, сондай-ақ Достық көшесі мен Нұржол бульварының қиылысындағы жаңа скверде орнатылған. «Жетісу» саябағында сырғанақ пен шырша бар, ал «Пригородный» тұрғын алабында сырғанақ тұрғындардың игілігіне берілген.

Алматы ауданында қысқы демалысқа арналған бірнеше орын ұйымдастырылған. «Sana» спорт кешенінің артындағы Ақбұлақ өзенінің жағалауында мұз айдыны мен сырғанақ жұмыс істейді. «Жерұйық» саябағында да мұз айдыны мен сырғанақ бар.

Сонымен қатар Теміржолшылар тұрғын алабында және Қошқарбаев көшесі, 80/1 мекенжайында сырғанақтар орнатылған.
Сарайшық ауданында сырғанақтар, мұз айдындары мен әртүрлі биіктіктегі шыршалар «Қазақ Елі» алаңында, Президент саябағында, Жұмысшы мамандықтары аллеясында және «Нұрлы Жол» теміржол вокзалы аумағында орналастырылған.
Промышленный, Отау, Интернационалды, Мичурино және Күйгенжар тұрғын алаптарында да мұз сырғанақтары мен шағын сәулеттік формалар орнатылған.
Нұра ауданында тақырыптық шағын сәулеттік формалар қойылып, фотоаймақтар безендірілген. Сондай-ақ төрт мұз айдыны жұмыс істейді: ұзындығы 213 метр болатын шеңберлі мұз айдыны Орталық саябақта, «Астана-Арена» стадионы аумағында, «Ғашықтар» саябағында және Үркер тұрғын алабында. Бұдан бөлек, Орталық саябақта, «Бухарест» саябағында, «Астана-Арена» аумағында және Үркер тұрғын алабында төрт мұз сырғанағы бар.
астана Жаңа жыл қыс ойын-сауық

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Семейдің қақ ортасында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 сентября, 2025345 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.