Астана. 16 сәуір. BM.KZ — ҚР Ішкі істер министрлігі жүргізіп жатқан жоспарлы қызметтік тексеру барысында Атырау қаласы Полиция басқармасының бастығы тарапынан құқыққа қайшы әрекеттердің жасалғаны анықталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Белгіленген тәртіпке сәйкес, ол ішкі істер органдарынан теріс негіздер бойынша қызметінен босатылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
— Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жариялауға жатпайды. Бұл шешімдер Ішкі істер министрі жүргізіп отырған заңдылықты қамтамасыз ету және қызметтік тәртіп пен заң талаптарын бұзғаны үшін, лауазымына қарамастан, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге бағытталған қағидатты саясат аясында қабылданды, — дем мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, күдікке ілінген Бақтыбек Исаев басқарма бастығы қызметіне 2024 жылдың 27 мамырында тағайындалған.
