Автор: asylbek

Қазақстанда шәкіртақы өсіп, оны тағайындау ережесі өзгереді 2024 жылдан бастап оқу үлгерімі үздік студенттерге шәкіртақыны ұлғайту және бонустар белгілеу ұсынылды: Бакалавр үшін – айына 41 898 теңгеден 47 135 теңгеге дейін, үздік студенттер үшін – 54 205 теңгеге дейін; Болашақ мұғалімдерге 67 200 теңгеден 75 600 теңгеге дейін, оқу озаттарына – 86 940 теңгеге дейін; Магистранттар үшін – 97 024 теңгеден 107 061 теңгеге дейін, оқу үздігі үшін – 123 120 теңгеге дейін; Докторанттар – 217 500 теңгеден 240 000 теңгеге дейін.

Толығырақ

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады Қасым-Жомарт Тоқаев заң үстемдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау ісінде сот жүйесі ерекше рөл атқаратынын атап өтті. Мемлекет басшысы сот жүйесін одан әрі реформалау жұмыстарын жалғастыру маңызды деп санайды.

Толығырақ

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қоғамда резонанс тудырған Бишімбаев ісіне қатысты пікір білдірді Қазір сот процесі жүріп жатыр. Сот процесіне ешбір азаматтың, ол депутат болсын, журналист болсын немесе басқа да лауазымды қызметте жүрген азамат болсын, оған араласуға ешқандай құқығы жоқ екенін білесіздер. Оған араласуға болмайды. Сондай-ақ бүгін бұл іс үлкен резонанс тудырып отыр. Шынында да, жантүршігерлік оқиға. Қоғамның ерекше бақылауында, — деді Ерлан Қошанов. Ол атап өткендей, Президент осы мәселеге қатысты тергеу жұмыстарын дұрыс жүргізу жөнінде тапсырма беріп, өз бақылауында ұстап отыр. Сондықтан осындай қоғамдық бақылау бар кезде бұрмалау болады деп ойламаймын. Сот шешімін шығаруда дербес. Сол себепті әділ үкім шығаратынына…

Толығырақ

Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істейді  2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 088 шетел азаматы еңбек етеді.  Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 687 жұмыс беруші бар. Оларда 459 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 99,5% — ы.  Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 4 281 адам (32,7%), өңдеу өнеркәсібі – 1 380 адам (10,5%), тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 304 адам (10%), ауыл, орман және балық шаруашылығы – 834 адам (6,3%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 809 адам…

Толығырақ

12 наурызда Көкшетау қаласында орналасқан Ақмола облыстық сотының ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, өрт сағат 19:55-те болған. Бүгін сағат 19.55-те Көкшетауда Н. Назарбаев даңғылында орналасқан әкімшілік ғимараттың 40 шаршы метр алаңында өрт болды. Ақмола облысы ТЖД-ның 30 құтқарушысы мен 8 бірлік техникасы дереу шақырту орнына аттанды, — делінген ведомство хабарламасында.

Толығырақ

Семей орманы қалпына келу үшін қанша жыл керек? Семейдегі былтыр өрткен оранған орман қашан қалпына келеді? Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жауап берді. Сонда өсіп тұрған ағаштың түрін алсақ, қарағай басым. Әрине, қарағайдың өсімталдығын қарасақ, қылқан жапырақты ағаштар өте баяу өседі. Сол себептен біз айтып отырмыз, кәдімгі орман толыққанды қалпына келу үшін 40-50 жыл керек. Сол себептен біз қаншама әрекет жасасақ та, ағаштың табиғи өсу қабілетімен байланыстырып отырмыз, — деді министр Үкімет отырысынан соң өткен баспасөз мәслихатында. @baq_kz

Толығырақ

Атырау облысында бұрын сотты болған 3 адамның мектепте жұмыс істегені анықталды Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Мәлім болғандай, бұл азаматтар мектептерге кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қатысты және денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Жоғары сынып оқушыларының ұрып-соғу фактілерін және басқа да құқыққа қарсы іс-қимылдарды жасырғаны үшін ӘҚБтК-нің 127-1-бабы бойынша 5 мектеп директоры әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Толығырақ

Семей қаласында қатты желден көпір жақтауы құлады Салдарынан байланыс желілері зақымданып, қаланың сол жағалауында интернет өшіп қалған. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Әділбек Увасилов сол жағалаудан оң жағалауға қарай жаяу жүргіншілер жолы жабылғанын мәлім етті. Ал көлік жүретін төрт жолақ түгелдей ашық тұр. Көпірдің құлаған жақтауына лентамен белгі қойылған.

Толығырақ

Елімізде көліктерді жалған құжатпен тіркегендерге қатысты тексеріс басталды Кейбір азаматтар елге ескі және қауіпті жүк көліктерін, автобустарды жалған құжаттар бойынша әкелуге тырысып, шығарылған жылын ауыстыған. Есеп бойынша бюджетке 14,3 миллиард теңге залал келтірілген. «Егер автокөліктің шығарылу мерзімі бес жылдан асса 2500 АЕК төлеу керек. Екі жыл толмаса, төленетін сома 0,25 АЕК-ке дейін қысқарады. Тек анықталған деректер бойынша 2022-2023 жылдары сотқа дейінгі 23 тергеу басталды”, – делінген хабарламада. Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, мамандандырылған ХҚКО-ның 59 лауазымды тұлғасы мен мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қатыстылығы тексеріліп жатыр. Алаяқтық схемаларды ұйымдастырушылар арнайы ХҚКО-ға жалған түбіртектерді ұсына отырып, автокөлікті есепке қоюды жүзеге асырған. Кейбір жағдайларда тіркеу…

Толығырақ