Семей қаласында қатты желден көпір жақтауы құлады
Салдарынан байланыс желілері зақымданып, қаланың сол жағалауында интернет өшіп қалған.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Әділбек Увасилов сол жағалаудан оң жағалауға қарай жаяу жүргіншілер жолы жабылғанын мәлім етті.
Ал көлік жүретін төрт жолақ түгелдей ашық тұр. Көпірдің құлаған жақтауына лентамен белгі қойылған.