ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы барысында вице-министр Нұркен Шарбиев орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесінің дамуы туралы баяндады. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының мемлекеттік орман қоры аумағында 2 млрд. ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша өткен жылы 340 млн.дана көшет отырғызылғаны атап өтілді, бұл жылдық жоспардың 73% -. құрайды. Тиісті жұмысты Ақмола (83%), Ақтөбе(66%), Павлодар (5%), Қарағанды (12%), Қостанай (45%), Қызылорда (82%) және Солтүстік Қазақстан (77%) облыстары, сондай-ақ «Семей орманы» (47%), «Бурабай» МҰТП (42%) және «Жасыл Аймақ»РМК (76%) кәсіпорындары жүргізген жоқ. Өткен жылғы жоспарларды орындамаудың негізгі себептері қаржыландырудың жеткіліксіздігі салдарынан орман тұқымдарын жинау және отырғызу материалын өсіру бойынша 2021 жылғы жоспарлы көрсеткіштерге қол…
Автор: asylbek
Тоқаев қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадамның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады «Айналасына сыйлы азаматтық болмысымен баршаның зор құрметіне бөленген Сейдахмет Рысқожаұлының жарқын бейнесі оны білетін жұртшылықтың жүрегінде мәңгі сақталады», — делінген жеделхатта. Саясаттанушы, публицист Сейдахмет Құттықадам 78 жасында өмірден озды
Елімізде соңғы жылдары мемлекеттік, ведомстволық және жеке ұйымдардың орден, медальдері қарша борап жатқандығы ақиқат. Елімізде 10 орден, 4 медаль және 4 ресми атақтар бар. Ал ведомстволық наградалардың саны 200 жуықтады. Кеңестік кезеңнен қалған «кеудеге темір тағып арқадан қағу» саясаты әлі де бар. Естеріңізде болса, өткен жылдары Ресейге барғанда Президентіміз Қ.Тоқаев Ресей мемлекеті ұсынған «Невский орденінен» бас тартты деген қауесет тарады. Бірақ Қ.Тоқаевтың «мен өзімнің Президенттік міндетімді атқарып отырған сәтте ешқандай марапат қабылдамаймын» деген сөзінің өзі көпке үлгі болу керек еді. Саңырауқұлақша қаптаған атақ, даңқтар мен орден, медальдер көбеймесе азайып отырған жоқ. Қазіргі таңда «Қазақстанның құрметті азаматы», «Қазақстанның мәдениет пен өнер…
Қазақ елі өз тәуелсіздігін жариялаған тұста елдегі қазақтардың үлесі 30% жетер жетпес ғана еді. Тоқырау заманы басталып әр ұлт өзінің атамекеніне көше бастады. Әсіресе тоқсаныншы жылдардың басында немстер Германияға, шешен, ингуштар, грузиндер мен армяндар т.б өз елдеріне қайта бастады. Бұған себеп елдегі экономикалық ахуал да әсер етті. Кеңес Одағынан мұра боп қалған зауыттар мен фабрикаларда шикізат жоқ. Болған күннің өзінде сауда нүктелер анықталмаған еді. Мұның барлығы елде мамандардың жетіспеушілігіне әкеліп соқты. Мемлекеттік органдар мен зауыт, фабрикалар жалақ төлеуге қауқары болмағандықтан мұғалімдер де, дәрігерлер де, ішкі істер, қорғаныс, ауылшаруашылық, энергетика саласының небір мамандары ала сөмке арқалап қытай асып, қырымнан тасып күн…
Мемлекет басшысы Болгария Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевті Болгария Республикасының ұлттық мерекесі – Азат ету күнімен құттықтады. – Бүгінде Болгария Еуропа Одағының белсенді мүшесі ретінде өзінің тұрақты даму және халықаралық қауымдастықтағы беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы тұста Сіздің көшбасшылығыңызбен еліңіз биік мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектеспін. Астана мен София арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастықтың аясы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанын ризашылықпен атап өтемін. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында елдеріміздің сан қырлы байланыстары болашақта одан әрі нығая түсетініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта. Мемлекет басшысы Болгария Президентінің аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас…
Қазақстанның қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) жақында қаржы пирамидасының белгілері бар жобалардың үстінен сотқа дейінге тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеген. Олардың ішінде құрылғанына бірнеше жыл болса да көпшіліктің сеніміне кіріп үлгерген “Аманат drive” кооперативінің де аты аталады. Оның үстіне өздерін “халыққа баспана мен көлікті пайызсыз алуға көмектесетін жоба” деп таныстыратын ұйымнан жапа шеккендер де аз болмай шықты. Stan.kz ақпарат агенттігімен тілдескен азаматтар тез арада үй алуды армандап, соңында ақшасын қайтаруға зар болып қалғандарын айтып шағымданды. “Аманат drive” тұтыну кооперативі 2020 жылы құрылған. Олар өздерін қазіргі таңдағы Қазақстан бойынша №1 кооператив деп атайды. Алайда мониторинг агенттігі бұл ұйымды қаржылық пирамидалардың тізіміне қосқан. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу…
Денсаулық сақтау министрлігінде ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының Елдік бағдарламалар және денсаулық сақтау жүйелерінің стратегиялары бөлімінің директоры Н. Аззопарди-Мускат ханыммен кездесу өтті, оның барысында ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросымен денсаулық сақтауды қаржыландыру саласындағы институционалдық реформаларды жүргізуде техникалық қолдау көрсету мәселелері бойынша екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. «Ағымдағы жылы Мемлекет Басшысы Үкіметтің алдына денсаулық сақтау саласындағы ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру, медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде медициналық көмек пакеттерін біріктіруге көшу міндетін қойды», — деп атап өтті кездесу барысында министр. Осы тұрғыда ДДҰ жүргізген Қазақстандағы денсаулық сақтауды қаржыландыру жүйесін бағалау нәтижелері ел үшін өте өзекті болып табылады. Денсаулық сақтаудың қаржы ресурстарын басқару мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі…
Мәжілісте экономикалық қылмыстарды декриминализациялау туралы дөңгелек үстел өтті. Жиынға Мәжіліс Төрағасының орынбасары Дания Еспаева жетекшілік етіп, оған депутаттармен қатар тиісті өкілетті органдардың өкілдері қатысты. Мемлекет басшысы «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында экономикалық құқық бұзушылықтарды одан әрі декриминализациялауды жүргізуді және салық қылмыстары бойынша кәсіпкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту нормаларының шегін айқындаудың әділ тетігін енгізуді тапсырған болатын. Осы негізде қойылған міндеттерді егжей-тегжейлі талқылау мақсатында мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды.
Алматы облысының тұрғындары Көлік министрлігіне Қаскелең тас жолын кеңейту бойынша өтініш білдірді Алматы облысына жұмыс сапары барысында ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Қонаев қаласында облыс тұрғындарымен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке қабылдады. Облыс тұрғындары облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу және реконструкциялау, жолдарды күтіп-ұстау және КАЖ-Сервис қызметі бойынша сауалдарын жолдады. Сондай-ақ Алматы маңындағы елді мекенде халық санының өсуіне байланысты тұрғындар «Алматы-Бішкек» тас жолының учаскесін Үлкен Алматы айналма автомобиль жолынан Қаскелең қаласына дейін кеңейтуді сұрады. Кездесуге Алматы облысының кәсіпкерлері деқатысты. Жолаушылар тасымалымен айналысатын өңірлік кәсіпорындардың өкілдері саланы дамыту проблемаларын көтеріп, облыстық автобус парктері үшін техниканы жаңарту бағдарламаларына жеңілдетілген шараларды қарастыру, автобус жүргізушілері үшін қажетті жұмыс өтілін азайтуды және D санатындағы жүргізуші куәлігін алу үшінжас көрсеткішін төмендетуді сұрады. Марат Қарабаев өткен жылы бұл мәселелер бірқатар өңірде көтерілгенін айта келе, аталған сұрақ бойынша 2024 жылдың бірінші жарты жылдығында шешім қабылдау жоспарланғаны туралы айтып берді. Алайда, Мәжіліс депутаттары министрліктің бұл бастамасын қолдамай, ендігі кезекте мәселе қайта қолға алынып жатыр. «Біз бірінші жартыжылдықта Мәжіліс бұл өзгертулерге қолдау көрсетіп, тамыз айына дейін мәселе түбегейлі шешіледі деп үміттенеміз. Атап айтқанда, жас көрсеткіші 23 жасқа дейіназайып, D1 санаты үшін жүргізуші өтіліне қойылатын талап 3 жылдан 1 жылға дейінтөмендейді. Әлбетте, мұнымен мәселе толықтай шешілмейді, дегенмен алғышарттары бар. Талдау жұмыстары көрсетіп отырғандай, 2014 жылға дейін D санаты бойынша 3 жыл көлемінде 84 мың адам оқыған. Талаптар қатаңдатылғаннан кейін автобус жүргізушісі біліктілігі бойынша оқитындардың саны 4 мың адамға дейін қысқартылған. Бұл өте аз. Аталған көрсеткіштерді көрсеткен кезде халық қалаулылары да түсіністік танытып, қолдау көрсетті», — деп жауап берді министр. Жүк автотасымалдау саласының өкілдері жүк автомобильдерінің артық салмағын бақылауды күшейтуді және халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыру үшін шетелдік рұқсат бланкілерін беру жүйесіндегі әділетсіздік мәселелерін талқылауды ұсынды. Сөз кезегінде министр ведомство тарапынан жақын арада шетелдік рұқсат бланкілерін заңсыз қайта сатуға тосқауыл қойылатыны туралы айтты. «Аталған механизмнің айналасында көлеңкелі бизнеске жол берілді. Бланкілерді сатукомитет қызметкерлері тарапынан емес, біркөлік компаниясының екіншісіне сатуы арқылы жүзеге асады. Алматыда екі рет ашық талқылау өткіздік. Әдетте жылдың басында барлық бланкінің 50 пайызын алатын адамдар тағы алғылары келеді. Әлбетте, бұл дұрыс емес. Сондықтан біз әдістемені өзгерткіміз келеді», — деді көлік ведомствосының басшысы. Оның айтуынша, бірінші кезекте министрлік басымдық принципін жояды, осылайша бланкілерді тек нақты жүгі бар кез келген адам ала алады. Оған қоса, бланкілерді қайта сатуды болдырмау үшін рұқсат қағаздары жеке атаулармен…
Астанада Қазақстандағы алғашқы көпұлтты «BIRLIK» ән-би ансамблінің тұсаукесері өтті Бүгін Алғыс айту күнінде Астанада Қазақстандағы алғашқы көпұлтты «BIRLIK» ән-би ансамблінің тұсаукесері өтті. Іс-шараға Мәжіліс және Сенат депутаттары, дипломатиялық корпус, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. «Қазақстан – біртұтас ұлт, еліміздің әрбір этносы достықты, үйлесім мен келісімді нығайтуға өзінің өлшеусіз үлесін қосып отырған команда деп айтуға болады. Біз өзіміздің іргелі құндылықтарымызға берік болуымыз керек», – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде. Президент этносаралық және конфессияаралық келісімді, ұлттық брендке айналған өзге мәдениетке толеранттылықты нығайту міндетін алға қойып отыр. Шығармашылық ұжым Роза…