Елдос Қоспаевтың қылмыстық тобы мен Болат Назарбаев арасындағы байланыс сот процесі барысында анықталды, деп хабарлайды Baimedia.kz. Қоспаев Болат Назарбаевтың холдингі — BN Invest компаниясында басшылық қызметтер атқарған, оның ішінде директордың орынбасары болған. Айыптау тараптың мәліметінше, Қоспаев Назарбаевтың атын жамылып, рейдерлік басып алуларға, алаяқтыққа және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қатысқан. «2016 жылдың қазан айынан бастап Елдос Қоспаев Назарбаев Болат Әбішұлының – Қазақстан Республикасының Тұңғыш президентінің інісі әрі «BN Invest» қаржы-өнеркәсіптік холдингінің басшысы – сенімін теріс пайдалана отырып, оның атын жеке басының пайдасы үшін қолдануға бел буды. Ол бұл есімді компанияларды рейдерлік жолмен басып алу, бөгде мүлік пен ақша қаражатын ұрлау,…
Автор: madina
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Киевтің Мәскеудегі парадқа қатысқан елдерге жариялаған демаршы Қазақстан мен Украина арасындағы қарым-қатынасқа кері әсер етпейді деп санайды. Бұл туралы Baimedia.kz хабарлайды. Қазақстандықтар бірнеше жылдан бері Украинаға гуманитарлық көмек көрсетіп келеді. Сондықтан депутаттың пікірінше, Қазақстан билік өкілдерінің Мәскеудегі парадқа қатысуы Астана мен Киев арасындағы қарым-қатынасқа кері әсерін тигізбейді. «Украина — өзі тәуелсіз мемлекет, оның өз еркі бар. Демарш жариялай ма, басқа әрекетке бара ма — ол соғыс жағдайындағы ел. Әрине, сондай ашулы, сондай қайғы-қасірет шегіп жатқан, соғыстың отында отырған ел. Сондықтан бұл эмоцияға бағытталған шешім шығар. Бірақ ол демарштың бізге көп әсері бола қоймас. Демарш деген дүние…
Парламент Мәжілісінің бұрынғы депутаты Қуаныш Сұлтанов мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі ерекше еңбегі үшін «Отан» орденімен наградталды, деп хабарлайды Baimedia.kz. Қуаныш Сұлтанов — қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, журналист, саясаттанушы. Ол тәуелсіз Қазақстанның алғашқы баспасөз және ақпарат министрі болды. 2016 жылы Сұлтанов елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында елорданың атауын «Нұрсұлтан» немесе «Назарбаев» деп өзгертуді ұсынған. «Тәуелсіздікке қалай жеткеніміз мәңгі есте қалуы керек. Конституциямызда Мемлекет басшысы әрі Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекетімізді салуға қосқан үлесін атап көрсетуді ұсынамын. Сондай-ақ, елбасының есімін елорда атауында және еліміздегі маңызды нысандарында көрсетуді ұсынамын. Біздің мақсатымыз — елбасының жанында…
Қазақстанның бұрынғы ұлттық экономика министрі, қазіргі Сыртқы істер вице-министрі Әлібек Қуантыров Baimedia.kz журналисіне берген сұхбатында салық мөлшерлемесі төмен болған күннің өзінде оны төлеуден жалтаратындар табылатынын айтты. Сарапшылардың айтуынша, қосылған құн салығының өсуі шағын бизнесті тығырыққа тіреп, кәсіпкерлерді қайтадан қолма-қол ақшамен есеп айырысуға итермелеуі мүмкін. «Салықты ешкім қуанып төлемейді деп үнемі айтып жүремін. ҚҚС мөлшерлемесі 20 пайыздан 16 пайызға, кейін 2009 жылы 12 пайызға дейін төмендеген кезде, басты мақсат көлеңкелі экономиканы азайту болды. Бірақ, өкінішке қарай, ол кезде көлеңкелі экономика да азайған жоқ. Адамдар бұрын салық төлеуден қалай қашса, солай жалғастыра берді. Тіпті салық тым төмен болған жағдайда да, оны төлеуден…
Украина Мәскеуде өткен Жеңіс парадына қатысқан елдерге дипломатиялық наразылық білдірді, деп хабарлайды Baimedia.kz. 9 мамырда Украина Сыртқы істер министрлігіне Мәскеудегі әскери парадқа жоғары лауазымды тұлғалары қатысқан мемлекеттердің дипломатиялық миссия басшылары шақырылды. Оларға ресми наразылық жарияланды. Украина сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Сергей Кислица агрессор мемлекеттің парадына шетелдік жоғары лауазымды өкілдердің қатысуын достыққа жатпайтын қадам ретінде бағалайтынын айтты.
Партия жетекшілерінің бірі — атқарушы хатшы Нұрлан Көптілеуов қызметінен кетті. Оның орнына бұл жауапты қызметке Әлібек Қуаныш тағайындалды. Ол — жастар саясаты, қоғамдық жұмыстар мен экология саласында мол тәжірибесі бар кәсіби маман. Нұрлан Көптілеуов BAYTAQ партиясының құрылтай съезінен бастап төраға Азаматхан Әміртаевпен бірге белсене жұмыс істеді. Бұл — партия тарихындағы атқарушы хатшының алғаш рет ауысуы. Көптілеуов енді медиа саласына ауысып, жаңадан құрылған, болашағы зор BAIMEDIA медиахолдингінің бас директоры болып тағайындалды. Көптілеуов аймақтық филиалдардың жұмысын үйлестіріп, экология мәселелерін алға тартатын науқандарды басқарды. Сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнатуға, партия ішіндегі коммуникация мен басқару жүйесін қалыптастыруға атсалысты. «Бұл…
Астанада 7 мамыр күні өткен әскери парад кезінде кеудесінде медальдары бар тыл ардагері Теңдік Изақовты трибунаға өткізбей қойған. Қонақтар тек арнайы тізім бойынша кіргізілді. Бұл тізім ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің туыстары берген өтініштер негізінде жасалған. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, Изақовтың туыстарынан мұндай өтініш түспеген. «Мұндай шараға бүкіл қаланы шақыру мүмкін емес. Алаңның аумағы шектеулі, адамдар сыймайды. Мұндай іс-шараларда арнайы шақырылған немесе аккредитациядан өткен адамдар ғана қатыса алады. Полицей өз қызметтік міндетін нақты және талапқа сай орындады, одан артық ештеңе істеген жоқ», — деп түсіндірі сенатор Марат Қожаев. Астана қаласының әкімдігі ардагерден ресми түрде кешірім сұрап, оны 9 мамыр күні өтетін гүл…
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде (ҚазҰПУ) өткен дәрістен кейін әлеуметтік желілерде қызу пікірталас туды. Бұл жиында бірінші курста оқитын қыздарға ер адаммен кездескенде иіліп сәлемдесу керек екені айтылған видео көрсетіпті. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осы жағдайға қатысты пікір білдіріп, министрлік тарапынан тексеру жүргізілгенін хабарлады. Оның айтуынша, университетте қазақтың ұлттық салт-дәстүрлеріне арналған ашық форматтағы дәріс өткен. Түрлі дәстүрлер мысал ретінде көрсетіліп, олар ашық талқылаған. «Сәлем салу — көбіне үйлену, той сияқты отбасылық рәсімдерде орындалатын салт. Бұл дәстүр еліміздің оңтүстік өңірлерінде әлі күнге дейін кең таралған. Алайда дәрістің бір сәтін бөліп алып, әлеуметтік желіге жариялаған тыңдаушының пікірі қоғамда…
3 мамыр күні «Интерфакс-Украина» агенттігі Украина президенті Владимир Зеленскийдің мәлімдемесін таратты. Онда ол 9 мамырда Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына келетін шетелдік қонақтардың қауіпсіздігіне Украина тарапы кепілдік бере алмайтынын айтты. Зеленскийдің сөзінше, Ресей арандатушылық әрекеттер — мысалы, өрт шығару немесе жарылыс — ұйымдастырып, кейін оны Украинадан көруі мүмкін. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл Жеңіс парадына қатысады. Осыған байланысты BAIMEDIA журналисі қазақстандықтар мемлекет басшысының бұл сапары кезінде қауіпсіздігіне сенімді бола ала ма деп сұрады. «Қазақстан үшін де, президентіміз үшін де Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс — киелі ұғым. Биыл Жеңістің 80 жылдығы аталып өтеді, сондықтан мемлекет басшысының Мәскеудегі парадқа қатысуы туралы шешім қабылданды.…