Астанада 7 мамыр күні өткен әскери парад кезінде кеудесінде медальдары бар тыл ардагері Теңдік Изақовты трибунаға өткізбей қойған. Қонақтар тек арнайы тізім бойынша кіргізілді. Бұл тізім ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің туыстары берген өтініштер негізінде жасалған. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, Изақовтың туыстарынан мұндай өтініш түспеген.
«Мұндай шараға бүкіл қаланы шақыру мүмкін емес. Алаңның аумағы шектеулі, адамдар сыймайды. Мұндай іс-шараларда арнайы шақырылған немесе аккредитациядан өткен адамдар ғана қатыса алады. Полицей өз қызметтік міндетін нақты және талапқа сай орындады, одан артық ештеңе істеген жоқ», — деп түсіндірі сенатор Марат Қожаев.
Астана қаласының әкімдігі ардагерден ресми түрде кешірім сұрап, оны 9 мамыр күні өтетін гүл шоқтарын қою рәсіміне арнайы шақырды.