Украина Мәскеуде өткен Жеңіс парадына қатысқан елдерге дипломатиялық наразылық білдірді, деп хабарлайды Baimedia.kz.
9 мамырда Украина Сыртқы істер министрлігіне Мәскеудегі әскери парадқа жоғары лауазымды тұлғалары қатысқан мемлекеттердің дипломатиялық миссия басшылары шақырылды. Оларға ресми наразылық жарияланды.
Украина сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Сергей Кислица агрессор мемлекеттің парадына шетелдік жоғары лауазымды өкілдердің қатысуын достыққа жатпайтын қадам ретінде бағалайтынын айтты.