Мектепке дейінгі ұйымдардағы бос орындарды бөлу кезінде сыбайлас жемқорлықтың құрамдас бөліктерін жою мақсатында кезектілікті есепке алудың Бірыңғай базасы әзірленді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Жоба қазіргі таңда Қарағанды облысы Шахтинск қаласында, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында, Атырау және Шымкент қалаларында, сонымен қатар Павлодар облысының 8 ауданында пилоттық режимде іске асырылуда.
Жаңа модель отбасылық сұраныстарға негізделген төрт балабақшаны таңдауға мүмкіндік береді. Пилоттық жоба аяқталған соң кезектілікті есепке алудың Бірыңғай базасы еліміздің барлық аумағында қолжетімді болады.