Астана. 14 сәуір. BM.KZ — «Қазгидромет» РМК 14 сәуірде еліміздің бірқатар аймағында қолайсыз ауа райы болатынын ескертті.
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның батысында, солтүстігінде, шығысында ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Республиканың батысында, оңтүстік-батысында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Елдің солтүстігінде, шығысында түнгі уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Басқа аймақтарда ауа райы жауын-шашынсыз.
Республика бойынша тұман болып, жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, ал еліміздің шығысында көктайғақ болады.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Алматы облысының солтүстігінде, батысында, орталығында өрт қаупі жоғары болады.
Сондай-ақ Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде де өрт қаупі жоғары деп болжанған.
