• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Beeline Қазақстан, Starlink және ҚР ЖИЦДМ Қазақстанда спутниктік байланысты іске қосады

Beeline Қазақстан, Starlink және ҚР ЖИЦДМ Қазақстанда спутниктік байланысты іске қосады

7 ноября, 2025 Ғылым
Фото: digitalbusiness.kz

Астана. 7 қараша. BM.KZ — Direct to Cell технологиясы елдің кез келген нүктесінде қосымша құрылғыларсыз мобильді байланысты қамтамасыз етеді.

VEON Ltd. (Nasdaq: VEON), жаһандық цифрлы оператор, Қазақстанның бүкіл аумағында, соның ішінде жерүсті желілерімен қамтылмаған шалғай өңірлерде де қолжетімді спутниктік байланысты қамтамасыз ету үшін Beeline Қазақстанның Starlink Direct to Cell-мен серіктесетінін жариялады. Қыркүйекте жасалған коммерциялық келісімге сәйкес, Beeline Қазақстан 2026 жылы хабарламалар алмасу қызметін, одан кейінгі кезеңде мобильді интернетке қосылу қызметін қосуды жоспарлап отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым‑Жомарт Тоқаевтың АҚШ‑қа ресми сапары барысында үшжақты кездесу өтті. Кездесуде Beeline Қазақстан мен Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Direct to Cell спутниктік байланысын енгізу жоспарын қолдай отырып, өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Beeline Қазақстан аумағы жағынан әлемде тоғызыншы орын алатын елдің шалғай әрі оқшауланған елді мекендерін тұрақты мобильді интернетпен қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларды іске асыруды жалғастыруда. Бұған дейін компания тұрғындардың саны 100 жетпейтін ауылдарға дейін жерүсті желісінің қамтылуын кеңейтіп, автономды базалық станцияларды қуаттандыру үшін күн панельдерін орнатқан.

«Starlink-пен серіктестігіміз – жаһандық технологиялар ұлттық инфрақұрылымды қалай нығайта алатынының айқын мысалы. Бұл келісім орбиталық желіні ұялы байланыс желісімен біріктіру арқылы қамтуды кеңейтіп, дәстүрлі инфрақұрылымды өткізу экономикалық жағынан тиімсіз жерлерде байланысты қамтамасыз етеді. Ұялы байланыс жоқ жерде, бірақ тікелей спутникпен қосылу мүмкіндігі бар жерде модемдер мен қосымша құрылғыларсыз-ақ телефоннан хабарлама жіберу мүмкіндігі – азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, шын мәнінде, адам өмірін де сақтап қалуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Қазақстан Республикасы Премьер‑Министрінің орынбасары әрі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

«Бұл серіктестік Қазақстанның толық цифрлы байланысқа өту жолындағы маңызды қадам», — дейді Beeline Қазақстан холдингінің бас директоры Евгений Настрадин. Біздің мақсатымыз – таулы жерлерден бастап, бос жатқан жерлерге дейін тұрақты байланыспен қамтамасыз ету. Ал Starlink Direct-to-Cell спутниктік технологиясын жердегі инфрақұрылыммен біріктіру бізді осы мақсатқа жақындатады. Бұл елдің шалғай жерлерін байланыспен қамту тұрғысынан тиімдЦі шешім».

VEON сондай-ақ Starlink компаниясымен ғаламдық негіздемелік келісімге қол қойды – бұл келісім VEON компаниясы жұмыс істейтін барлық елдерде Direct to Cell спутниктік байланысын енгізу бойынша болашақ ынтымақтастықтың шарттарын айқындайтын эксклюзивті емес келісім болып табылады. VEON Starlink-пен осындай көпжақты келісімге қол қойған алғашқы жаһандық телеком-оператор.

Beeline Қазақстанның Starlink Direct to Cell спутниктік байланысын енгізу жөніндегі келісімі биылғы жылы Украинада Kyivstar Group Ltd (Nasdaq: KYIV) компаниясы Starlink Direct to Cell арқылы хабарламалар алмасудың сәтті демонстрациясын өткізген соң қол жеткізілген табысты тәжірибеге негізделген.

«Біз жұмыс жасайтын нарықтардың бірегей жағдайлары қауымдастықтардың байланыста болуын қамтамасыз ететін инновациялық шешімдерді талап етеді. Украинадан кейін VEON тобының екінші өңірі – Қазақстанда Starlink Direct to Cell‑мен ынтымақтастықтың арқасында дұрыс бағытта келе жатқанымызды көру мені қуантады», — дейді VEON Group бас директоры Каан Терзиоғлы. «Біз VEON-ның бес елдегі 150 миллионнан астам абоненті үшін жерүсті және спутниктік байланысты біріктіру мүмкіндіктерін үлкен қызығушылықпен қарастырып жатырмыз».

Қазақстанда Starlink Direct to Cell қызметін сынақтан өткізу және коммерциялық іске қосу стандартты реттеуші рәсімдерді сақтай отырып жүзеге асырылады.

Direct to Cell Starlink ЖИ интернет

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Семейдің қақ ортасында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 сентября, 2025348 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.