• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Бектенов XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлері мен жаттықтырушыларына наградалар табыс етті

Бектенов XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлері мен жаттықтырушыларына наградалар табыс етті

22 декабря, 2025 Жаңалықтар
Фото: Үкімет

Астана. 22 желтоқсан. BM.KZ — Олжас Бектенов Президент атынан XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлері мен жаттықтырушыларына мемлекеттік наградалар табыс етті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов биыл 15-26 қараша аралығында Токио қаласында (Жапония) өткен XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарына қатысушы қазақстандық спортшыларға мемлекеттік наградалар табыс етті.

Премьер-министр Олжас Бектенов спортшыларды қолдау Үкімет жұмысының басым бағыттарының бірі екенін атап өтіп, Ұлттық құрамаға, оның мамандары мен бапкерлер құрамына жеңіске жету жолында табандылық пен ерік-жігердің үлгісін көрсеткен үйлесімді және нәтижелі жұмыстары үшін алғысын білдірді.

2025 жылғы Сурдлимпиада ойындарына 81 мемлекеттен 3 мыңға жуық спортшы қатысты. Қазақстандық спортшылар сегіз спорт түрінен ел намысын қорғап, 8 алтын, 4 күміс және 13 қола — барлығы 25 медаль жеңіп алды. Нәтижесінде ҚР Ұлттық құрамасы жалпы командалық есепте 9-шы орынды иеленді.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін спорт ғимараттарын салуға баса назар аудару қажеттігін атап өтті.

Сурдлимпиада ойындары біздің еліміздегі сурдлимпиада қозғалысының тұрақты дамып келе жатқанын айғақтайды. Бұл спорттық ұйымдардың, жаттықтырушылардың сондай-ақ, өз еңбегімен болашақ жеңістерге берік негіз қалайтын спортшылардың үйлесімді және тынымсыз жұмысының нәтижесі.

Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет кәсіби және бұқаралық спортты дамыту, спортшыларды қолдау бойынша жұмыстар жүргізуде, жаңа инфрақұрылым нысандары салынуда. Жүйелі және уақтылы шаралар жалпы жетістікті арттыруға және бүкіл спорт саласын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Марапаттау барысында сурдо дзюдо спортшыларының жетістіктері атап өтілді. Олардың жоғары деңгейде өнер көрсетуі Қазақстанға 11 медаль (5 алтын, 2 күміс және 4 қола) алып келді және Сурдлимпиада ойындарының жарқын жетістіктерінің бірі болды. Команда көшбасшыларының қатарында үш дүркін және екі дүркін чемпион атанған Еркебұлан Қанафин мен Шадияр Қуандық бар.

Ал биіктікке секіруден ұлттық құрама қоржынына алтын медаль салған жеңіл атлетші Фаина Мейрманова 1,79 метрді бағындырып, Ойының рекордын орнатты.

Еркін және грек-рим күресінде чемпион атанған балуандар Андрей Самарин мен Шадияр Пернеш те жалпы нәтижеге айтарлықтай үлес қосты.

Үстел теннисінде Қанат Конкубаев, Данияр Ескендіров, Бижан Төлебаев және Абылай Бүркітбай қола жүлдеге ие болды.

Таэквондода Аян Абдраш, Айжамол Абдикатова және Аида Макатова қола жүлдегер атанды.

Премьер-министр қол жеткізілген барлық нәтижелер қазақстандық спортшыларды даярлаудың жоғары деңгейі және олардың аса маңызды спорттық сын-қатерлермен ойдағыдай күресуге қабілеттілігін көрсететінін атап өтті.

Марапатталғандардың атынан жаттықтырушылар Серік Данияров пен Максим Рожков сөз сөйледі.

— Барлық спортшы мен жаттықтырушының атынан Қазақстан Президентіне сурдлимпиада спортшыларына көрсеткен үлкен қолдауы үшін алғыс айтқым келеді. Біз Сурдлимпиада ойындарында 1997 жылдан бері өнер көрсетіп келеміз. Қазақстан үшін алтын медальді бірінші болып жеңіп алғаным есімде. Осы жылдар ішінде өте үлкен жұмыстар атқарылды. Жапониядағы ойындар біздің еліміз үшін жетістікке толы болды. Біз алғаш рет көп медаль иелендік. Осы дәстүрімізді әрі қарай жалғастырамыз, — деді ҚР Ұлттық Сурдлимпиада құрамасының жеңіл атлетикадан жаттықтырушы Максим Рожков.

Фото: Үкімет

— Бүгінгі таңда ауқымды жұмыстар атқарылды. Біз осы Сурдлимпиада ойындарында жоғары деңгейде өнер көрсеттік, нәтижесінде осындай марапаттар мен жеңістерге қол жеткіздік. Елімізге, Президентке үлкен рахмет. Мен өзімнің қола медалімді Мемлекет басшысына арнағым келеді, — деді үстел теннисінен ұлттық құрама команданың аға жаттықтырушысы Серік Данияров.

Марапатталғандар:

«Құрмет» орденімен:

Еркебұлан Қанафин — Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының чемпионы және командалық спорт түрлері бойынша чемпионы (2025);
Шадияр Қуандық — Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының чемпионы және командалық спорт түрлері бойынша чемпионы (2025);
Сергей Дмитренко — сурдо дзюдодан ҚР ұлттық құрама командасының бас бапкері;
Қуанышбек Мұқаш — ҚР Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің вице-президенті;
Азамат Қарлығашев — ҚР Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің вице-президенті.

ҚР Президентінің Алғысымен:

Сәуле Шақуова — ҚР Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің бас директоры;
Серік Сәпиев — ҚР Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің президенті;
Айжан Чокина — ҚР Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің бас хатшысы.

ҚР Премьер-министінің Алғыс хатымен:

Ғұлама Хамзе — Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының чемпионы (2025 ж.);
Амина Файзулина — Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдегері және командалық спорт түрлері бойынша чемпионы (2025 ж.);
Тоқтарбек Айдарбек — Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдегері және командалық спорт түрлері бойынша чемпионы (2025 ж.);
Алтынбек Кәкітаев — Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері (2025 ж.);
Айым Жетписбаева — Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері (2025 ж.);
Сабиржан Хапизов — Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері және командалық спорт түрлері бойынша чемпионы (2025 ж.);
Анна Краморова — Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері және командалық спорт түрлері бойынша күміс жүлдегері (2025 ж.);
Ерсін Болатов — Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының командалық спорт түрлері бойынша чемпионы (2025 ж.);
Айдос Түгелбаев — Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының командалық спорт түрлері бойынша чемпионы (2025 ж.);
Анастасия Тимошенкова — Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының командалық спорт түрлері бойынша күміс жүлдегері (2025 ж.);
Дина Адамбаева — Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының командалық спорт түрлері бойынша күміс жүлдегері (2025 ж.);
Фериде Караоглы — Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының командалық спорт түрлері бойынша күміс жүлдегері (2025 ж.);
Ольга Гараева — Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының командалық спорт түрлері бойынша күміс жүлдегері (2025 ж.),
Фаина Мейрманова — Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының чемпионы (2025 ж.),
Нұрсұлтан Күлдеев — Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері (2025 ж.),
Аян Абдраш — Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері (2025 ж.),
Айжамол Абдикатова — Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері (2025 ж.),
Аида Макатова — Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері (2025 ж.),
Андрей Самарин — Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының чемпионы (2025 ж.);
Рамазан Әбдрасіл — Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері (2025 ж.);
Хайратхаан Шонку — Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері (2025 ж.);
Шадияр Пернеш — Токиодағы Сурдлимпиада чемпионы (2025);
Ғабит Есжанов — Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2025 ж.);
Ғасыр Тұрғынбай — Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері (2025 ж.);
Сабыржан Рсалы — Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының командалық спорт түрлері бойынша қола жүлдегері (2025 ж.);
Қанат Конкубаев — Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының командалық спорт түрлері бойынша қола жүлдегері (2025 ж.);
Данияр Искендиров — Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының командалық спорт түрлері бойынша қола жүлдегері (2025);
Абылай Бүркітбай — Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының командалық спорт түрлері бойынша қола жүлдегері (2025 ж.);
Бижан Төлебаев — Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының командалық спорт түрлері бойынша қола жүлдегері (2025 жыл);
Зульфия Мұхамедиярова — дзюдодан ҚР ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы;
Нұржан Сейітқанов — дзюдодан ҚР ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы;
Богдан Весельский — жеңіл атлетикадан ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы;
Елена Пономарева — жеңіл атлетикадан ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы;
Ерлан Мұқажан — грек-рим күресінен ҚР ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы;
Ерназар Қонысбаев — еркін күрестен ҚР ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы;
Бек Молдахметов — еркін күрестен ҚР ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы;
Серік Данияров — үстел теннисінен ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы;
Ербол Симамбаев — тхэквондодан ұлттық құрама командасының бас бапкері;
Максим Рожков — жеңіл атлетикадан жаттықтырушы;
Мерхат Болатханов — тхэквондодан ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы;
Мерверт Бейсова — «Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығы» ШЖҚ РМК медбикесі;
Нұрила Алменова — «Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығы» ШЖҚ РМК медбикесі.

марапат Олжас Бектенов Үкімет

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Семейдің қақ ортасында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 сентября, 2025347 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.