• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Білім беру гранттарының тізімі шықты

Білім беру гранттарының тізімі шықты

7 августа, 2025 Ғылым
Фото: Ашық дереккөз

Астана. 7 тамыз. /Әсел Мәдәліқызы/ BM.KZ – Биыл Жоғары оқу орындары үшін 78 мың грант бөлінген. Оның 60%-ы инженерлік, IT, техникалық және жаратылыстану бағыттарына арналды.

Гранттар әсіресе жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, энергетика, көлік және құрылыс салаларында маман даярлауға бағытталды.

“ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, экономиканың басым салалары үшін жоғары білікті кадрларды даярлау мақсатында білім беру гранттарының жалпы санының 60%-ы инженерлік және техникалық бағыттар бойынша бөлінді” – делінген министрліктің әлеуметтік желіде таратқан хабарламасында.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек сұранысқа ие мамандықтарға басымдық берілгенін мәлімдеді. 

«2023 жылы 186 мың мектеп бітіруші болса, былтыр 188 мың, биыл 216 мың бала мектеп бітіріп, жоғары білімге қадам басты. Жалпы бакалавр деңгейінде 78 мыңға жуық грант, магистратура мен докторантураға 93 мыңнан астам грант бөлінді. Жоғары сұранысқа ие 3 бағыт: педагогика 13 мың грант, ақпараттық технологиялар және жасанды интелект 11 мың, инженерлік бағытқа 18 мыңнан астам грант бөлінді. Осы жылдан бастап біз сирек мамандықтарға ветеринария, энергетика, су шаруашылығы, ирригация, гидротехнологиялар саласында өңірлік квоталарды енгіздік», – дейді Саясат Нұрбек.

Сонымен қатар ведомства басшысы, биыл “Серпін” бағдарламасына бөлінген тегін грант рекордтық көрсеткішке жеткенін айтады. Одан бөлек, ол әскери борышын өтеп қайтқан сарбаздардың да алғаш рет мемлекеттік грант алу мүмкіндігіне ие болғанын атап өтті.

«Осы жылдың тағы бір ерекшелігі – Қорғаныс министрлігімен бірге жасаған жұмысымыздың аясында биыл тұңғыш рет әскери борышын өтеп келген азаматтар 2 мыңға жуық грантқа ие болды. Сондықтан әскери борышын өтеуге ынталандыру бағытында арнайы осындай квота енгізілді. Ата-анасыз жетім қалған балаларға, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға да арнайы квота бөліп, қолдайтын болдық. Тағы да бір сүйінші жаңалық – биыл «Серпін» бағдарламасының аясында тарихи рекордтық көрсеткіш орын алды – 83% грант игерілді», – дейді министр.

Бұған дейін “Серпін” бағдарламасы бойынша грант игеру деңгейі 40-50% шамасында болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 67%-ға жеткен. Биыл бағдарлама аясында талапкерлер еліміздің 9 өңірінде білім алуға жолдама алды.

Грант иегерлерінің тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

білім грант Саясат Нұрбек талапкер

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.