• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Бритни Спирсқа арналған гонорар

Бритни Спирсқа арналған гонорар

12 ноября, 2025 Басты тақырып
Фото: nris.ru

Қазақстандық мейрамханалар, түнгі клубтар, радио мен телевизия әлі күнге дейін өзге авторлардың музыкасы мен зияткерлік меншігін заңсыз пайдаланып, оған бір тиын да төлемейді. Сол себепті шетелдік поп-жұлдыздарға әділдік іздеу үшін қазақстандық заңгерлерге жүгінуге тура келеді.

Жуырда әлеуметтік желілерде композитор әрі музыкант Еркеш Шакеевтің авторлық құқығының бұзылуына қатысты жазбасы қызу талқыланды. Ол Батырхан Шүкенов қоры шығарған «91-23. Тәуелсіз Қазақстанның танымал музыкасы» атты кітапқа әндері енгенімен, қасында есімінің көрсетілмегенін айтып, наразылық білдірді. Нәтижесінде іс сотқа дейін жетті. Бірақ, музыканттың айтуынша, сот күтпеген жерден жауапкердің жағына шыққан.

Қазір композитор іс бойынша халықаралық сотқа жүгінуге ниетті.

BM.KZ тілшісі осы тақырып бойынша «Идеяларды қорғау» компаниясының негізін қалаушы, заңгер Қымбат Өмірбековадан пікір алды. Сарапшы Еркеш Шакеевтің ісінде заң мен кәсіби этика әжептәуір бұзылғанын атап өтті. Сондай-ақ ол авторлық құқық істері бойынша қазақстандық соттардың дайындығы, жаңа заң жобасындағы жаңалықтар және авторлық құқықты жиі бұзатын салалар туралы баяндады.

Қымбат Өмірбекова, фото: жеке архивтен

– Еркеш Шакеев даулы оқиғасынан бастасақ. Заң тұрғысынан алғанда кітап авторларының әрекеті қаншалықты өрескел бұзушылық болып саналады және оның салдары қандай?

– Заң тұрғысынан қарағанда автордың аты-жөнін оның шығармасы пайдаланылған жерде көрсетпеу – бұл жеке мүліктік емес құқықтардың бұзылуы болып табылады. Бұл құқықтар «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Заңда нақты бекітілген. Автор өз шығармасы пайдаланылған кез келген жағдайда өзінің аты көрсетілуін талап етуге құқылы. Бұл – негізгі және ажырамас құқықтардың бірі.

Еркеш Шакеевтің жағдайында сөз қаржылық шығын туралы емес, авторлық және танылу құқығының бұзылуы туралы болып отыр. Автор ресми түрде қателікті мойындауды, кітаптың келесі басылымында түзетулер енгізуді және қажет болған жағдайда моральдық зиянның орнын толтыруды талап ете алады.

Мұндай жағдайлар кәсіби этика мен заң нормаларының өрескел бұзылуы ретінде бағаланады, әсіресе, егер шығармалар автордың келісімінсіз жарияланған болса…

– Қазақстандағы соттар авторлық құқық мәселелерін қарауға қаншалықты дайын? Олардың мұндай істерді шешу тәжірибесі жеткілікті ме?

– Қазақстанда әзірге интеллектуалдық меншік істері бойынша мамандандырылған сот жоқ, сондықтан мұндай дауларды аудандық және экономикалық соттар қарайды. Соттардың бұл мәселедегі біліктілігі көбіне олардың тәжірибесіне және өңіріне байланысты.

Авторлық және сабақтас құқық бойынша оқыту Құқық академиясында жүргізіледі, алайда ол жалпы сипатта өтеді. Ал музыка, медиа немесе әдебиет саласында терең білімі бар мамандар әлі де аз. Басты мәселе – формалды көзқарас пен цифрлық құқық бұзушылықтар саласындағы сарапшылардың жетіспеушілігі.

Дегенмен жағдай жақсарып келеді. Жоғарғы сот авторлардың жеке құқықтарын қорғау бойынша ұсынымдар шығарды, зияткерлік меншік бойынша коллегиялар құрылуда, ХАҚБ (ВОИС) ұйымымен ынтымақтастық жүргізілуде.

Жалпы соттар мұндай істерді қарауға дайын, бірақ, шығармашылық құқықтар саласында тәжірибе аз. Дұрыс заңгерлік қолдау арқылы әділ шешімге жетуге болады.

– Жуырда Сенат «Интеллектуалдық меншік мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады. Сіздің ойыңызша, осы құжаттағы ең маңызды баптар қандай, сондай-ақ олар неліктен маңызды?

– Заң жобасындағы басты жаңалық – авторлық құқықты қорғаудың бірыңғай цифрлық платформасын енгізу. Бұл платформа арқылы авторлар өз роялтилерінің қалай жиналып, бөлінетінін көре алады. Бұл – құқықтарды коллективті басқарудың әділ және ашық жүйесіне қадам. Қазіргі жүйе ақсап тұр. Көптеген авторлар төлемдердің жоқтығына шағымданады. Цифрландыру осы проблемаларды жоюға және сенімді арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар заң жобасы тауар белгілері мен патенттерді жедел тіркеу тәртібін, хабар таратушы ұйымдардың құқықтарын нақтылауды және көру қабілеті бұзылған адамдарға бейімделген мәдени өнімдерге қолжетімділікті қамтамасыз етуді қарастырады.

– Бірақ авторлық қоғамдар Әділет министрлігінің осы платформаны құруға қатысты бастамасына қарсы шығып отыр. Бұл қандай себепке байланысты болуы мүмкін?

– Кейбір авторлық қоғамдар платформаның құрылуына қарсы, өйткені, бақылаудан айырылып, бюрократияға ұшыраймыз деп қауіптенеді. Бірақ сарапшылардың пікірінше, алаңдаудың қажеті жоқ. Керісінше, бірыңғай жүйе авторларға өз табыстары туралы ашық ақпарат беріп, нарықты әділ әрі заманауи етеді.

«91-23. Тәуелсіз Қазақстанның танымал музыкасы» кітабы, фото: vlast.kz

– Қазақстанда авторлық құқықтар көбінесе қай салаларда бұзылады – музыка, кино, театр, телеарналар, радио, студиялар, баспалар?

– Қазақстанда авторлық құқық бұзушылықтар көбінесе музыкалық салада кездеседі – мейрамханаларда, клубтарда, радио мен телеарналарда авторларға ақша бермей, әндерін пайдаланады.

Екінші орында – кино және видео контент, онда онлайн-пираттық және заңсыз көрсетілімдер кең таралған. Содан кейін телеарналар мен радиостанциялар, олар көбінесе музыка қолдануда дұрыс келісімшарт жасамайды.

Сәл сирек, бірақ баспалар мен театрларда да кездеседі – көбінесе автордың аты-жөні көрсетілмей жариялау немесе лицензиясыз қойылымдар. Жалпы даулардың басым бөлігі музыка және аудиовизуалды контентке байланысты, себебі бұл шығармалар коммерциялық түрде көп пайдаланылады.

– Қандай танымал адамдар сізге қызметке жүгінді және оларға көмектесе алдыңыз ба?

– Біз шын мәнінде Қазақстандағы көптеген белгілі тұлғалармен жұмыс жасадық және олардың зияткерлік меншік құқықтарын қорғауға көмектестік. Дегенмен кәсіби этика және құпиялылық шарттары бойынша клиенттердің атын және істің мән-жайын егжей-тегжейлі жариялай алмаймыз. Әрбір клиенттің сенімі, құпиялылығы және мүдделерін қорғау біз үшін басты қағида.

– Ең үлкен айыппұл сіздің тәжірибеңізде қанша болды?

– ҚР «Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау туралы» Заңының 49-бабына сәйкес, сот 100-ден 15 000 айлық есептік көрсеткішке дейін өтемақы тағайындай алады немесе шығарманың даналарының құнының екі есесін немесе оның пайдалану құқығын төлеуді бұйыра алады. Практикада көбіне көрсетілген диапазонда минималды өтемақы тағайындалады. Дегенмен нақты зиянды дәлелдеу және шығындарды есептеу мүмкін болса, сот толық көлемде өтемақы тағайындайды.

Сондықтан айыппұл мөлшері соттың шешіміне тікелей байланысты. Біздің тәжірибеде ең үлкен төлемдер дәлелденген нақты материалдық залал болған істерге қатысты.

– Сізге шетелдік клиенттер де жүгінді ме?

– Иә, бізге шетелдік клиенттер де жиі хабарласады. Біз көптеген шетелдік компаниялар мен олардың Қазақстандағы өкілдерімен ынтымақтастықтамыз. Бренд неғұрлым танымал болса, соғұрлым оны көшіру оқиғалары көп болады, сондықтан зияткерлік меншік құқықтарын қорғау маңызды. Қазақстанда бұл сала қарқынды дамып келеді және шетелдік компаниялар өз құқықтарын тіркеу мен қорғауға қызығушылық танытады.

– Сіздің жұмысыңызда дау туындаған сәттер орын алды ма, яғни, іс сотта қаралып, клиент жеңілген жағдайлар болды ма?

– Иә, тәжірибемізде бір жағдай болды. Талапкер авторлық құқық пен патент құқықтарының қиылысуы себебінен сотта жеңілді.

Сотта өнімге қатысты дау қаралды. Бір тарапта бұйым дизайнына авторлық куәлік болса, екіншісінде сол бұйымның конструкциясына берілген патент бар еді. Сот патент техникалық шешімді қорғауға арналғанын, ал авторлық құқық тек сыртқы пішін мен көркемдік бейнелеуді қорғайтынын көрсетті. Нәтижесінде патенттің қорғау ауқымы кең деп танылып, басымдық сол тарапқа берілді.

Темірлан Құспаев,
Астана – Алматы – Астана
BM.KZ

«91-23. Тәуелсіз Қазақстанның танымал музыкасы» «Идеяларды қорғау» Батырхан Шүкенов Еркеш Шакеев Қымбат Өмірбекова

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Семейдің қақ ортасында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 сентября, 2025347 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.