• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Carlsberg пен PepsiCo Алматы маңында $344 млн-дық зауыт салады: ауқымды жобаның астарында не жатыр?

Carlsberg пен PepsiCo Алматы маңында $344 млн-дық зауыт салады: ауқымды жобаның астарында не жатыр?

22 сентября, 2025 Басты тақырып
Коллаж: Kursiv.media

ШЫМКЕНТ. 22 қыркүйек. /Диана Ыдырыс/ BM.KZ – Алматы облысында Carlsberg Kazakhstan компаниясының жаңа алкогольсіз сусындар өндіретін зауытының құрылысы басталды. Жобаның инвестициялық көлемі $344 млн құрап отыр, оны іске қосу 2026 жылға жоспарланған.

Кәсіпорын Іле ауданында, аумағы 17 гектар жер телімінде бой көтермек. Зауыт жылына 1 млрд литрге дейін өнім шығара алады. Өндіріс PepsiCo лицензиясымен жүзеге асырылады. Өнім ішкі нарыққа және Қырғызстанға жеткізіледі. Онда 230-дан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтіледі.

Carlsberg үшін бұл – Қазақстандағы ең ірі жоба. Жалпы алғанда, компанияның елге құйған инвестициясының көлемі $640 млн-ға жақындады.

2024 жылы Coca-Cola İçecek Шымкентте жылына 283 млн литр өнім шығаратын зауытты $56 млн-ға ашқан болатын. Бір қарағанда, онда «қуат литрінің» өзіндік құны әлдеқайда төмен шыққан еді. Сарапшылардың пайымдауынша, мұндай айырмашылық зауыттың орналасқан жеріне байланысты. Coca-Cola индустриялық «Жұлдыз» аймағында жұмыс істейді, мұнда инвесторларға дайын инфрақұрылым мен жеңілдіктер ұсынылады. Ал Carlsberg өндірісті нөлден бастап тұрғызып жатыр, демек шығыны артады.

Carlsberg жобасы «Kazakh Invest» қолдауымен жүзеге асып келеді. Агенттіктің дерегінше, мұндай жағдайда инвесторларға кедендік және салықтық жеңілдіктер беріледі: жабдық импортынан кедендік алымдар мен ҚҚС-тан босату, 10 жылға дейінгі салықтық каникулдар, жер немесе ғимаратты табиғи грант түрінде алу мүмкіндігі бар. Бұл шаралар Carlsberg жобасына да қолданылуы мүмкін, мұндай жағдайда компанияның нақты шығындары азаяды.

Дегенмен, тәуекелдер бар. Мұндай көлемдегі өндіріс су, энергия, қаптама сынды қомақты ресурсты қажет етеді. Қазақстанда коммуналдық тарифтердің қымбаттауы да өнімнің өзіндік құнын арттыруы мүмкін. Сондай-ақ, нарықта да бәсекелестік жоғары: Coca-Cola қазірдің өзінде өз позициясын бекемдеп үлгерді, ал сусындарға деген сұраныс шектеулі.

Соған қарамастан, Carlsberg пен PepsiCo-ның жаңа зауыты Орталық Азиядағы ең ірі өндіріс орындарының біріне айналмақ. Жоба Қазақстанның өңірлік өндірістік хаб ретіндегі орнын нығайтуға сеп болады. Алайда зауыттың тиімділігі мен өзін-өзі ақтау мерзімі берілетін жеңілдіктердің нақты көлеміне және компанияның тарифтік әрі нарықтық қиындықтарды еңсеру қабілетіне тікелей байланысты болмақ.

Carlsberg Kazakh Invest Pepsi Алматы зауыт

Оқылып жатыр

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024848 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

Басты тақырып 19 мая, 2026

Астана. 19 мамыр. BM.KZ – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айттың бірінші күні, 27 мамырда…

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026

Қазақстанда қан компоненттерін QR-код арқылы сәйкестендіру жүйесі енгізілді

14 мая, 2026

Қызылорда облысында 14 жыл бұрынғы жасөспірім өлімі ашылды

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.