Депутат Бақытжан Базарбек егер министрлердің орнын жасанды интеллект басса, бұл жаңалыққа қатты қуанатынын айтты, деп жазады Baimedia.kz.
«Мен өзім жасанды интеллектті қолдаймын. Егер 100 мың адам жұмыс істейтін мемлекеттік аппараттың кем дегенде 30 пайызын жасанды интеллектпен алмастырсақ, мен бұған қуанар едім. Ал егер 15–30 жыл ішінде министрлер мен әкімдердің орнын да ЖИ басса, бұл мен үшін ерекше қуаныш болар еді», – деді ол Мәжіліс отырысында.
Алайда оның әріптесі Екатерина Смышляеваның айтуынша, жасанды интеллект әзірге зерделеуді қажет ететін күрделі жұмыстарды атқара алмайды.