• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » EGov Mobile-дың жаңа нұсқасы іске қосылды

EGov Mobile-дың жаңа нұсқасы іске қосылды

14 августа, 2025 Жаңалықтар

Астана. 14 тамыз. /Нұргүл Ерғалиқызы/ — eGov Mobile қосымшасының жаңа, жетілдірілген нұсқасы қазақстандықтарға қолжетімді болды. Бұл соңғы жылдардағы ең ауқымды жаңарту болды. Қосымшаның дизайны түбегейлі өзгеріп, пайдаланушыға ыңғайлы болу үшін интерфейс жаңартылған. Сонымен қатар, навигация оңтайландырылып, интеллектуалды іздеу жүйесі мен виртуалды көмекші қосылған. 

Жаңартудың басты жаңалығы, жасанды интеллектке негізделген eGov AI виртуалды көмекшісі. Ол іздеу жолағының жанында орналасқан. Пайдаланушының сұрағына нақты әрі түсінікті жауап беріп, қажетті қызметке бағыттайды. Бұл қызметтерді іздеуді едәуір жеңілдетіп, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Іздеу жүйесі де айтарлықтай жақсарған. Мәселен, пайдаланушы сұраныс енгізген сәтте қызметтер мен өмірлік жағдайларға қатысты нәтижелер бірден көрсетіледі.

Бұдан бөлек, жаңартылған басты бетте ең танымал сервистердің жарқын белгішелері орналастырылған. Қызметтер каталогына өту үшін eGov логотипін басу жеткілікті. Қызметтер мен порталдар (мәселен E-лицензиялау) жүйеленіп, жеке бөлімдерге бөлінген.

Қосымшада жаңа баннерлер пайда болды. Олар қолданушыларды жаңалықтармен таныстырып, танымал қызметтерге жылдам бағыттайды.

«Сервистер» және «Цифрлық құжаттар» бөлімдерінде барлық цифрлық қызметке қол жеткізуге болады. Әр қызметтің қасында арнайы «бекіту» белгішесі бар. Бұл, оны «Танымалдар» тізіміне қосуды жеңілдетеді.

«Цифрлық құжаттар» бөлімі де оңтайландырылды. Жеке куәлік, паспорт, туу туралы куәлік сияқты маңызды құжаттар енді тікелей басты беттен көрінеді. Бұл оларды қажет болғанда жылдам көрсетуге немесе QR-код арқылы түпнұсқалығын растауға мүмкіндік береді.

Өмірлік жағдайлар бойынша жаңа функционал деген арнайы бөлім пайда болды. Онда медициналық мекемеге тіркелу, құжаттарды қалпына келтіру немесе жүргізуші куәлігін алу сынды әрекеттерге кезең-кезеңімен нұсқаулық берілген. Пайдаланушы интерактивті сауалнама арқылы өз жағдайына сай нақты шешім мен қажетті қадамдар тізбесін ала алады.

Қауіпсіздік және хабарламалар жүйесіде назардан тыс қалмады. Жаңарту барысында деректерді қорғау деңгейі көтеріліп, сыртқы қатерлерден қорғаныс күшейтілді.

«Хабарламалар» бөлімі енді тақырыптар бойынша топтастырылған. Бұл пайдаланушыға қажет ақпаратты оңай табуға көмектеседі. Сонымен қатар, қызмет мәртебелері мен сауалнама нәтижелері де осы жерден көрінеді.

Жеке профиль және деректер жүйесінде, пайдаланушының жеке мәліметтерімен қатар, отбасы, денсаулық, жұмыс тәжірибесі, айыппұлдар мен мүлікке қатысты деректері де қолжетімді. Сонымен қатар, берілген келісімдердің тарихын қарау мүмкіндігі де бар.

eGov Mobile жаңарту интерфейс цифрлық құжаттар

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Семейдің қақ ортасында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 сентября, 2025345 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.