«Біз туралы жағымсыз сөз айтып жүрген депутаттардың мәселесін айттым»: Қошанов Ресейге сапары туралы қорытындылады
Жақында Ерлан Қошанов Ресейге ресми сапармен барған. Ол Федерация кеңесінің басшысы Валентина Матвиенкомен кездесті.
Мәжілістің жалпы отырысынан шыққан спикерге «2024 жылғы 3-4 наурыз аралығында Ресейге ресми сапармен бардыңыз. Онда РФ Мемлекеттік думаның төрағасы Вячеслав Володинге ресейлік депутаттардың Қазақстан туралы жағымсыз пікірлерін, еліміздің территориялық тұтастығына қатысты айтылған мәселелерді көтердіңіз бе?» деген сұрақ қойылды.
Мәжіліс төрағасының айтуынша, олар ресейлік сарапшылардың Қазақстанға қарсы арандатушылық мәлімдемелерін талқылаған.
«Бұл туралы біз сөйлестік. Бірлесіп, мұның жолын кесеміз. Бұл мәселе туралы Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен сөйлестік. Ол уәде бермеді. Біз бірлесіп, осы мәселемен жұмыс істейміз деп келістік», — деді Ерлан Қошанов.