Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Stadler Kazakhstan кәсіпорны құрастырған алғашқы жолаушылар вагоны таныстырылды. Заманауи талаптарға сай жасалған бұл вагондар жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Кәсіпорын купе, плацкарт және қозғалысы шектеулі азаматтарға арналған арнайы бейімделген вагондарды өндіреді. Биылғы жылдың соңына дейін 51 жаңа вагон пайдалануға беріледі. Ал 2030 жылға дейін жалпы саны 557 вагон жолға шығады деп жоспарлануда.
Бұл бастама Қазақстанның ұлттық тасымалдаушы компаниясының вагон паркін толық жаңартуға жол ашады. Сонымен қатар өндіріс процесіне отандық кәсіпорындар тартылып, вагондарды локализациялау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Stadler Kazakhstan – еліміздің көлік-логистика саласындағы маңызды жобалардың бірі. Жаңа буындағы вагондар ішкі туризм мен жолаушылар тасымалын дамытуға серпін бермек.