• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Назарбаевтың жиені тағы да Мәжіліс депутаттарының назарында

Назарбаевтың жиені тағы да Мәжіліс депутаттарының назарында

1 октября, 2025 Басты тақырып
Коллаж: BM.KZ

Астана. 1 қазан. BM.KZ – Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асыловқа Нұрбол Назарбаевтың рейдерлік әрекеттеріне қатысты депутаттық сауал жолдады.

Оның айтуынша, Қарағанды тұрғыны Қуат Ерментаев Нұрбол Назарбаев кесірінен бизнесінен айырылып, ауыр жағдайда қалғанын атап, көмек сұраған.

– Өткен аптада, қыркүйектің 25-індегі Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ринат Заитов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстан идеясын қолдау және оны жүзеге асыру жолындағы кінәраттарды жою мақсатында депутаттық сауал жолдаған еді. Онда Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаевтың заң мен әділет атаулыны белден басып, бірқатар азаматтарға қатысты жасаған қиянаттары турасында сөз болады. Егер мүдделі құқық қорғау органдары азаматтар атынан жолданған көз жасқа толы өтініштерді жылы жауып қоятын болса, бұны Президент Тоқаевтың Әділетті Қазақстанды қалыптастыру бастамасына қарсы жасалған нақақ қастық, – деді Бапи Мәжілістің жалпы отырысында.

Сондай-ақ ол бұның Нұрбол Назарбаевқа қатысты Мәжіліс тарапынан немесе депутаттар өзара ұйымдастырған ешқандай жоспарлы әрекет еместігін айтты. Оз сөздерін депутат атышулы әулет өкілдерінің елде отыз жылға жуық жасаған қиянатты қысастығы мен заңсыздықтарынан зардап шеккен азаматтарға қатысты әділеттілікті орнатудың әрекеті деп түсіндірді.

– Нұрбол Назарбаевтың бизнесті рейдерлік жолмен тарту алу әрекеттеріне қатысты бұған дейін де бірнеше өтініш келіп түскен. Олардың бірқатарын бұрын да мен жазбаша түрде Бас прокурордың атына жолдағам. Еске сала кетейін, әділет іздеген бір емес, екеу емес, бір мыңнан астам адамнан Алматы облысы, Қарасай ауданы, бұрынғы Каменский мал асылдандыру зауыты жұмысшыларының атынан келіп түскен өтінішті мен үш рет депутаттық сауал ретінде жолдағаным осында отырған әріптестерімнің есінде болар. «Мықтының арты диірмен тартады» дегендей, ағасына арқаланған Нұрбол Назарбаев бүкіл бір кеңшар жұмысшыларының жекешелендіруге берілген 9 мың гектардан астам жер үлесін тартып алғаны жөніндегі менің депутаттық сауалым Бас прокурордың алдында да сөз болған еді.

Міне сол мықты Нұрбол Назарбаев жасаған зорлықтан араша сұрап, рейдерлік жолмен тартып алынған бизнесін қайтарып беруді өтінген Қарағандылық Қуат Ерментаев деген азаматтан тағы да өтініш келіп түсті. Бұл жігіт сол рейдерлік шабуылдан кейін барлық мүлкінен айырылып, таза тақырға отырып қалған, – деп депутат сөзін жалғады.

Оның айтуынша, 2022 жылы Алматы прокуратурасы мен Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу-тексеру департаменті Қуат Ерментаевтың мүлкін, атап айтқанда, «PORUS» ЖШС-дегі үлесін рейдерлік басып алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Бірақ арада екі жыл өткенде, 2024 жылы Алматы қаласының прокуратурасы қозғалған қылмыстық істі «қылмыстық құрамның болмауына байланысты» деген желеумен тоқтатқан.

– Мен тек 2022 жылы қозғаған қылмыстық істі қайтадан көтеріп, зар илеп, жапа шеккен өтініш иесінің аргументтерін құлаққа ілсеңіздер жеткілікті деп ойлаймын. Қайтадан көтерілген сол істің заңды нәтижесі жөнінде мені ғана емес, бұрынғы биліктің Нұрбол Назарбаев сияқты қиянатшыларынан зардап шеккен қоғамды да хабардар етсеңіздер деп сұраймын.

Заңсыздықтардан зәбір көрген қоғамға қорған болайық, Бас прокурор мырза! – деп Ермұрат Бапи сөзін түйіндеді.

PORUS Ермурат Бапи Мәжіліс Назарбаев Нурбол Назарбаев

Оқылып жатыр

Алан – Қазақстанда жаңа туған ұл балаларға ең жиі берілетін есім

Ақтөбе облысында тағы бір әкім өз-өзіне қол жұмсады

Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024847 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

«Мен де қосыламын»: Рыбакина теннисшілердің бойкотына үн қосты

Жаңалықтар 6 мая, 2026

Астана. 6 мамыр. BM.KZ – Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Үлкен дулыға турнирлерінің сыйақы қорына…

Алан – Қазақстанда жаңа туған ұл балаларға ең жиі берілетін есім

6 мая, 2026

Ақтөбе облысында тағы бір әкім өз-өзіне қол жұмсады

6 мая, 2026

Пара бергені үшін іздеуде жүрген қазақстандық Грузиядан елге қайтарылды

6 мая, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

6 мая, 2026

Терроризм туралы жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады – ІІМ

20 апреля, 2026

Үндістанда отшашу фабрикасында болған жарылыстан 23 адам қаза тапты

20 апреля, 2026

Қазгидромет еліміздің 14 өңірінде қолайыз ауа райы болатынын ескертті

20 апреля, 2026

АҚШ-тағы атыс: сегіз баланы өлтірген күдікті олардың жетеуінің әкесі болып шықты

20 апреля, 2026

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінде жеңіске жетті

20 апреля, 2026

Қазақтың танымал ақыны Мұхтар Шаханов өмірден өтті

20 апреля, 2026

Каспийде итбалықтар қырылды

18 апреля, 2026

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінде жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті

18 апреля, 2026

БҚО-да 61 жастағы ер адамның мәйіті табылды

17 апреля, 2026

Туристер саяхат кезінде нені ескеруі керек

17 апреля, 2026

Әділет Алмат дзюдодан Азия чемпионы атанды

17 апреля, 2026

1 млн доллар жымқырған күдікті Германияда ұсталды

17 апреля, 2026

4 мыңнан аса тегін препарат сатылған — ДСМ

17 апреля, 2026

Шақырту қағазы, медкомиссия, кейінге қалдыру: әскерге шақыру туралы не білу керек?

17 апреля, 2026

Қарағанды облысындағы жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

17 апреля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.