Танымал режиссер, актер әрі сценарист Нұртас Адамбай өзі туралы кітап жазуға кіріскенін хабарлады.
Бұл жайында ол Facebook парақшасында бөлісті.
«Өзім туралы кітап жазуға бірнеше рет ниеттеніп, талай мәрте бұл ойымнан бас тартқанмын. Бұған дейін кітаптың немен аяқталатынын білмедім де, түсінбедім. Алайда соңғы күндері оның не туралы болатынын сезіне бастадым», – дейді Адамбай.
Ол болашақ еңбегінің атауы «Мен кіммін?» болатынын да жария етті. Оның айтуынша, бұл — әр адам өзін-өзі тануға ұмтылғанда қоятын ең маңызды сұрақтардың бірі.
Жаңа кітаптың қашан жарық көретіні әзірге белгісіз.