• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Олжас Бектенов Президенттің Екібастұз ЖЭО-сын жаңғырту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді

Олжас Бектенов Президенттің Екібастұз ЖЭО-сын жаңғырту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді

6 марта, 2024 Жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің Екібастұз ЖЭО-сын жаңғырту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын Павлодар облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов коммуналдық-энергетикалық секторды жаңғырту жұмыстарының барысымен және тұрғындарды жылумен үздіксіз қамтамасыз ету шараларымен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Екібастұз ЖЭО-да өңір әкімі Асайын Байханов Үкімет басшысына жылумен қамту жүйесін қалпына келтіру аясында барлық 10 қазандыққа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгенін хабарлады. Станса көрсетілген параметрлерге сәйкес қалыпты қуатында жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар 4 жылу магистралі мен орамішілік желілер де күрделі жөндеуден өтті.

Қазіргі таңда Екібастұздың жылумен жабдықтау жүйесіне техникалық аудит жүргізілуде. 4 кезеңнің 3 кезеңі аяқталды, жыл соңына дейін барлық магистральды желілерді цифрландыру аяқталады.

Премьер-Министр Екібастұздың жылумен жабдықтау жүйесін қалпына келтіру процесін жалғастыру қажет екенін атап өтті. Үкімет тарапынан толықтай қолдау көрсетілетін болады.

«Біз Екібастұздың 2022 жылдың қысында қандай қиыншылықты бастан өткергенін білеміз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет резервінен жылумен жабдықтау желілерін жөндеуге және Жылу электр орталығын жаңғыртуға 16,4 млрд теңге бөлінді. Меншік иелерімен бірлесіп, Жылу орталығының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. Барлық қазандықтар жөндеуден өтті. Қаланың жылу желілерін жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Жұмыс қарқынын арттырып, жылу желілері мен жылу көздері жабдықтарының тозуын азайту қажет», — деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ өңір әкімі облыстың үш қаласында жөндеу науқанының жоспарын ұсынды. Екібастұз қаласы бойынша ТМ-I және ТМ-III жылу магистральдарын күрделі жөндеудің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Бірінші кезекте су жылыту цехын күл шығару жүйесімен қамтамасыз ету үшін тазартылған су құбырын салу қажет. Екібастұздағы кәріз коллекторы мен Майқайың су құбырын күрделі жөндеу жобалары әзірленді. Павлодарда ТМ-13 құрылысы, ал Ақсу қаласында орамішілік жылу желілері күрделі жөндеуді қажет етеді.

Премьер-Министр сондай-ақ «Проммашкомплект» ЖШС теміржол дөңгелектерін шығару кәсіпорнының қызметімен танысты. Аталған зауыт – 2012 жылдан бері жұмыс істейді және Қазақстанда осындай өнім шығаратын жалғыз кәсіпорын. Оның ассортименті халықаралық стандарттарға сәйкес келетін локомотивтерге, жүк және жолаушылар вагондарына арналған теміржол дөңгелектерінің 400-ден астам түрін қамтиды.

Қуаттылығы жылына 300 мың бірлік өнім шығаратын кәсіпорынды іске қосу Екібастұзда толыққанды теміржол кластерін құруға және импортты алмастыруға елеулі үлес қосуға мүмкіндік берді. Зауыт республиканың ҚТЖ және өнеркәсіптік кәсіпорындарының қажеттіліктерін ішінара өтейді, сондай-ақ өнімді Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанға жеткізеді. Сондай-ақ еуропалық нарыққа арналған дөңгелектер өндірісін меңгеру жоспарда бар. Қазіргі уақытта техникалық құжаттама дайындалып, өндіріс процесі ұйымдастырылуда.

Олжас Бектенов мемлекет теміржол саласын дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті, өйткені барлық жүк айналымының шамамен 70%-ы және жолаушылар тасымалының 60%-ға жуығы темір жолдардың үлесіне тиесілі.

«Бұл – Орталық Азияда баламасы жоқ бірегей кәсіпорын. Сіздерде тұрақты тапсырыстар бар. Өндіріс қуатын арттыру үшін мүмкіндіктер жеткілікті. Аталған зауыттың толық жүктелуін қамтамасыз ету маңызды», — деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы ұлттық тасымалдаушының сұранысы негізінде өнімді жеткізу бойынша ұзақмерзімді келісімшарттар жасай отытырп, ҚТЖ-мен өзара іс-қимылды күшейту мүмкіндіктерін пысықтауды тапсырды.

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.