• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Оқушылар мен сарбаздарды жылқы етімен тамақтандыру керек — депутат

Оқушылар мен сарбаздарды жылқы етімен тамақтандыру керек — депутат

19 ноября, 2025 Басты тақырып
Фото: inbusiness.kz

Астана. 19 қараша. BM.KZ — Жылқы етін экспорттау мен терең өңдеуді дамыту бойынша кешенді шаралар қабылдау керек. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Аманжол Әлтай мәлім етті.

— Жылқы — мінсек көлігіміз, ішсек сусынымыз, дастарханымыздың берекесі, қазанымыздың құты еді. Өкінішке қарай, қара базарлар мен көрші елдерге арзан бағаға сатудан басқа жылқыны пайда көзіне айналдырудың жолы табылмай отыр. Балабақшалар мен мектептерді, әскерді, өндіріс орындарындағы жұмысшыларды жылқы етімен қамтамасыз ету – халықтың денсаулығын реттеудегі аса маңызды қадам болар еді. Рационды әртараптандырудың (оның ішінде ұлттық тағамдарды енгізудің) нормативтік мүмкіндігі болғанымен, жылқы еті көптеген тапсырыс берушілердің үлгілік тізбелері мен сатып алу ас мәзірлері әдістемелерінде бекітілмеген. Жылқы етіне қатысты бірыңғай техникалық карталар, сапа критерийлері жоқ. Жылқы өнімдерін тікелей шаруадан кооперативтік жүйеде сатып алу мүлде реттелмеген, — деді А. Әлтай Премьер-министрінің орынбасары С. Жұманғариннің атына жолдаған сауалында.

— Мемлекеттік сатып алулардың үлгілік тізбелерінде және техникалық талаптарында жылқы етін жеке позиция ретінде бекітуді, сондай-ақ жылқы етін экспорттау мен терең өңдеуді дамыту бойынша кешенді шаралар қабылдауыңызды сұраймын, — деді депутат.

Осы орайда, жоғарыда баяндалғандарды негізге ала отырып, мына ұсыныстар жасалды:

1. Денсаулық сақтау және Оқу-ағарту министрліктеріне — мектепке дейінгі ұйымдар, мектептер, колледждер, медицина ұйымдарына арналған үлгілік тізімдерге және әдістемелік ұсынымдарға жылқы етін енгізу;

2. Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі және өзге де күштік құрылымдар азық-түлік нормаларын түзету мүмкіндігін қарастырып, сарбаздарды жылқы етімен тамақтандыру мүмкіндігін қарастыру;

3. Сауда министрлігі мен пилоттық өңірлердің әкімдіктеріне — әлеуметтік нысандардың сатып алуларында «қызыл еттің» кемінде 25-30%-ын жылқы етіне алмастыруды көздейтін 12 айлық пилотты іске қосу;

4. Ауыл шаруашылығы министрлігіне – фермер-жылқышылардан азық-түлік корпорациясы арқылы тікелей сатып алу тетігін әзірлеу.

5. Мемлекеттік сатып алулар жөніндегі уәкілетті органға – жылқы етін сатып алуға арналған үлгілік техникалық тапсырмаларды әзірлеу.

Азық-түлік Депутат ет Мәжіліс парламент Ұлттық тағам

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024848 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.