Бүгін, 16 маусымда, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді Астана халықаралық әуежайынан салтанатты түрде қарсы алды.
Мәртебелі меймандар үшін ерекше құрмет көрсетілді: трап басында Құрмет қарауылы сап түзеп, екі елдің мемлекеттік туларын ұстаған балалар делегациясы Қытай басшысына ыстық ықыласын білдірді. Бұл – Қазақстан мен Қытай арасындағы достық пен стратегиялық серіктестіктің айқын белгісі.
Си Цзиньпиннің бұл сапары екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтып, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың жаңа деңгейге көтерілуіне серпін береді деп күтілуде.