• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Президенттің Ресейге мемлекеттік сапары барысында 13 келісімге қол қойылды

Президенттің Ресейге мемлекеттік сапары барысында 13 келісімге қол қойылды

13 ноября, 2025 Ақорда
Фото: Ақорда

Астана. 13 қараша. BM.KZ – Мемлекеттер басшыларының қатысуымен бірқатар үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарды алмасу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Сонымен Мемлекет басшысының мемлекеттік сапары аясында қабылданған құжаттардың тізімі төмендегідей:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы;

2. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасында үшінші елдерге экспортқа жеткізуге арналған ресейлік және қазақстандық жүктерді темір жол көлігімен транзиттік тасымалдау және ауыстырып тиеу саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру туралы келісім;

3. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасында көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласы бойынша өзара ықпалдастық жөніндегі келісім;

4. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы «Союз-5» және «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешендеріне ұшу сынағын жүргізу үшін Қазақстан-Ресей мемлекетаралық комиссиясын құру туралы келісім;

5. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасында Ақтау қаласында Ресей Федерациясының Бас консульдығын құру туралы ноталармен алмасу формасындағы келісім;

6. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

7. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігі арасында ерекше экономикалық аймақтарды дамыту мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

8. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Ресей Федерациясы Оқу-ағарту министрлігі арасында Қазақстан Республикасында қазақ-орыс жалпы білім беру ұйымдарын ашу және Ресей Федерациясында орыс-қазақ жалпы білім беру ұйымдарын ашу бойынша ниеттестік туралы меморандум;

9. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Ресей Федерациясы Табиғи ресурстар және экология министрлігі арасында Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясынан Амур жолбарыстарын әкелуге әзірлік және жеткізілген жануарлардың бастапқы бейімдеуден өтуі бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары;

10. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен Ресей Федерациясы Экологиялық, технологиялық және атомдық бақылау жөніндегі федеральдық қызметі арасында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануда ядролық және радиациялық қауіпсіздікті реттеу саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

11. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Ресей Федерациясы Көлік министрлігі арасында Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасындағы автокөлік өткізу бекеттерін дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары;

12. «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «РТЖ» ААҚ арасындағы 2030 жылға дейінгі мемлекетаралық түйісу пункттерін дамыту туралы келісім;

13. «Қазпошта» АҚ мен «Ресей поштасы» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

Бұдан бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекетаралық қарым-қатынасын жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне дейін жеткізу жөніндегі декларацияға қол қойды.

Ақорда келісімшарт Қазақстан Президенті Қазақстанның халықаралық қызметі Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Сыртқы саясат

Оқылып жатыр

Дәрігерді соққыға жыққандарға жаза күшейтілді — Мәжіліс

Мемлекет басшысы ресурстарды үнемдеп пайдалануға шақырды

Жеке меншік мектептер дауы: 60 орындық мектепке 600 оқушының ақшасы бөлініп келген

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Батыс Қазақстанда жол апатынан үш адам көз жұмды

Жаңалықтар 17 декабря, 2025

Астана. 17 желтоқсан. BM.KZ — Батыс Қазақстан облысында үш адамның өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасы болды.…

Дәрігерді соққыға жыққандарға жаза күшейтілді — Мәжіліс

17 декабря, 2025

Мемлекет басшысы ресурстарды үнемдеп пайдалануға шақырды

17 декабря, 2025

Жеке меншік мектептер дауы: 60 орындық мектепке 600 оқушының ақшасы бөлініп келген

17 декабря, 2025

11 айда экономика өсімі 6,4 пайыз болды – Серік Жұманғарин

17 декабря, 2025

Қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова 96 жасқа толды

17 декабря, 2025

ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Автомобилисттен» басым түсті

17 декабря, 2025

Режиссер Роб Райнер мен әйелінің өлімі: ортаншы ұлы күдікке ілінді

17 декабря, 2025

Әуеде Air Astana ұшағының салонында өрт шықты

17 декабря, 2025

Италия тауларында мыңдаған динозавр ізі табылды

17 декабря, 2025

​Атырауда қайтқан адамның сүйегі пәтерде үш апта жатып қалған

17 декабря, 2025

БҚО-да тағы бір ер адамның денесі табылды

16 декабря, 2025

Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы телемұнара жаңа реңке боялды

16 декабря, 2025

Forbes: Маск 600 миллиард доллар байлығы бар бірінші адам болды

16 декабря, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16 декабря, 2025

БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

15 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлының допинг ісіне қатысты маңызды жаңалық айтылды

15 декабря, 2025

Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай үш жылға бас бостандығынан айырылды

15 декабря, 2025

Таразда смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады

15 декабря, 2025

Дмитрий Огай «Шахтер» футбол клубын жаттықтырады

15 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.