• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қарағандыда такси жүргізушісі «қалжыңдап» 4 жасар баланы алып кеткен

Қарағандыда такси жүргізушісі «қалжыңдап» 4 жасар баланы алып кеткен

12 ноября, 2025 Басты тақырып
Фото: Kazinform

Астана. 12 қараша. BM.KZ – Қарағандыда такси жүргізушісі төрт жасар баланы алып кетіп, бір сағаттан соң анасына қайтарған. Әйел тәртіп сақшыларынан оқиғаны «қалжың» деп қарастырмай, жүргізушіні жазалауды талап етіп отыр.

Әйелдің әлеуметтік желіде жазған жазбасы қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Оның айтуынша, оқиға 4 қараша күні сағат 16:40 шамасында болған. Ол Indriver қосымшасы арқылы такси шақырған. Қолында бір жасар сәбиі болған, ал төрт жарым жастағы қызын артқы орындыққа отырғызып жатқан сәтте көлік жүріп кеткен.

— Қызымды отырғыза сала көлік орнынан қозғалып кетті. Мен артынан жүгіріп, тоқтатуға тырыстым, бірақ үлгермедім. Телефон соғып, бірнеше рет қоңырау шалдым — көтермеді. Кейін тапсырысты жауып, картадан мүлде жоғалып кетті, — деп еске алады әйел.

Айтуынша, қызы бейтаныс ер адамның көлігінде шамамен бір сағаттай уақыт болған. Көлік Гоголь көшесіндегі айналма жолдың бойынан табылған. Әйел полицияға арыз жазған, алайда тәртіп сақшылары «қылмыс құрамы жоқ, бұл жай қалжың» деп жауап берген.

Қарағанды облыстық полиция департаменті бұл жайтқа қатысты ресми түсініктеме берді.

— 4 қараша күні сағат 16:48–де Жедел басқару орталығына қала тұрғынынан хабарлама түсті. Әйелдің айтуынша, ол қызын көлікке отырғызып, өзі екінші есіктен мінбек болған сәтте жүргізуші қозғалып кеткен. Көлік иесі анықталып, ол такси жүргізушісімен байланысқа шыққан. Таксист біршама қашықтық жүріп өткен соң артқы орындықта ересек адамсыз отырған баланы байқап, дереу кері оралып, қызды анасымен қауыштырған, — делінген департаменттің баспасөз хабарламасында.

Полиция мәліметінше, жүргізушіге қатысты жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу және заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу фактілері бойынша әкімшілік іс қозғалған.

Алайда әлеуметтік желі қолданушылары бұл жағдайды «әзіл» деп қарауға болмайды деп санайды. Себебі мәселе — баланың өмірі мен қауіпсіздігіне, сондай-ақ ата-ананың сеніміне қатысты.

Аймақ бала жүргізуші көлік Қарағанды облысы Оқиға полиция такси

Оқылып жатыр

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024848 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Әлем 20 мая, 2026

Астана. 20 мамыр. BM.KZ — АҚШ Конгресі Сенатында алғаш рет Вашингтон әкімшілігінің Иранға қарсы әскери…

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026

Қазақстанда қан компоненттерін QR-код арқылы сәйкестендіру жүйесі енгізілді

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.