Қазақстан мен Алжир екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Джидда қаласындағы ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезектен тыс сессиясы аясында Алжир Халық Демократиялық Республикасының Сыртқы істер және шетелдегі ұлттық қоғамдастық министрі Ахмед Аттафпен кездесті.
Кездесу барысында екіжақты қатынастардың барлық спектрі бойынша ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасылды.
Министр М. Нұртілеу екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыру үшін әлеуеті зор екенін атап өтті.