• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қазақстан туралы да мәліметтер бар: Трамп Эпштейннің құпия файлдарын жариялау туралы заңға қол қойды

Қазақстан туралы да мәліметтер бар: Трамп Эпштейннің құпия файлдарын жариялау туралы заңға қол қойды

20 ноября, 2025 Әлем
Фото: anews

Астана. 20 қараша. BM.KZ — АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Эпштейн ісі бойынша файлдарды құпиясыздандыру туралы заңға қол қойғанын мәлімдеді.

— 2019 жылы Трамп кезіндегі Әділет министрлігі (демократтар емес!) айыптаған Джеффри Эпштейн өмір бойы демократ болған, ол демократ саясаткерлерге мыңдаған доллар қайырымдылық жасаған және Билл Клинтон (оның ұшағымен 26 рет ұшқан), Ларри Саммерс (Гарвардты қоса алғанда, көптеген кеңестен кеткен), қара ниетті саяси белсенді Рид Хоффман, азшылық көшбасшысы Хаким Джеффрис (Эпштейн айыпталғаннан кейін Эпштейннен науқанға қайырымдылық сұраған), демократиялық конгресс өкілі Стейси Пласкетт және Демократиялық партияның басқа да көптеген қайраткерлерімен тығыз байланыста болған. Мүмкін, бұл демократтар және олардың Джеффри Эпштейнмен байланысы туралы шындық жақын арада ашылады, себебі мен жақында Эпштейн файлдарын құпиясыздандыру туралы заңға қол қойдым! — деп мәлімдеді Трамп жазбасында.

Әділет министрлігі оның нұсқауымен Конгреске шамамен елу мың беттік құжатты тапсырды.

Америкалық қаржыгер Джеффри Эпштейн 2008 жылы жыныстық қылмыстарға қатысты көптеген айыптармен ұсталды. Оған 45 жыл түрме жазасына тартатын ауыр айыптар тағылды. 2019 жылы ол түрмеде өз-өзіне қол жұмсады.

Эпштейн ісін тергеу барысында 300 гигабайт мәлімет пен заттай айғақ жиналған. Онда жыныстық қылмыс құрбандарының суреттері мен видеолары бар.

АҚШ Әділет министрлігі олардың бірқатарын биыл жариялаған, бірақ ең даулы мәліметтер әлі жарыққа шыққан жоқ.

Қазірдің өзінде атышулы кәсіпкерге байланысы болғаны үшін ғана бірнеше саясаткер мен кәсіпкер қоғам сынына ұшырап үлгерді. Олардың арасында Ұлыбритания королі Карлдың інісі Эндрюді ханзада да бар. Жақында ол сарайдан қуылып, атақтарынан айрылған.

Құпия құжаттарда Қазақстан туралы да мәліметтер бар. Бірақ оларды қылмыстық әрекеттерге жатқызу қиын.

Мәселен, 2024 жылы Эпштейннің паспортына қатысты құжаттар жарияланған. Онда қаржыгер Қазақстанға да сапарлап барғысы келетінін айтқан. Мәліметті былтыр ABC News жариялады.

2025 жылы АҚШ Конгрессі Өкілдер палатасының бақылау жөніндегі комитеті 20 мыңнан астам құжат жариялаған. Онда Эпштейн лоббистер арқылы конгрессмен Даррелл Иссаға ықпал етуге тырысқаны айтылады. Исса сонау 2008 жылы Қазақстанның тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевты Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынғандардың бірі.

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Семейдің қақ ортасында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 сентября, 2025351 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.