• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қазақстандықтарды бундесверге мобилизациялауы мүмкін

Қазақстандықтарды бундесверге мобилизациялауы мүмкін

21 ноября, 2025 Әскер
Фото: svtv.org

Астана. 21 қараша. BM.KZ — Бұл жағдайда олар Қазақстан Республикасының азаматтығынан автоматты түрде айырылады. Бұған қоса, оларды үлкен мөлшердегі айыппұл күтіп тұр.

Украинадағы соғыс Германия билігін әскери қызметке шақыру тәртібін қайта қарауға мәжбүр етті. Берлин Ресейден НАТО-ға шабуыл жасауы мүмкін деп қауіптенеді. Сондықтан бундесвер құрамын 180 мыңнан 260 мың әскери қызметкерге дейін ұлғайтпақ.

Немістің Die Welt газеті таратқан мәліметке сәйкес, жаңа шақыру ережелері Германияда тұратын қос азаматтығы бар қазақстандықтарға да әсер етуі мүмкін. Қазіргі таңда олардың саны – 1 620 адам. Олардың көпшілігі – 2008 жылы туған жасөспірімдер.

Қазақстандықтар өзге мемлекетке ант берсе, оларды не күтіп тұр? Осы сұраққа Osmar Group компаниясының заңгері Әмір Жаманбаев жауап берді.

Заңгер ең алдымен Қазақстанда қос азаматтыққа тыйым салынғанын атап өтті.

«Германия азаматтығын алған мыңдаған адам әлі күнге дейін Қазақстан азаматтары ретінде есепте тұруы мүмкін. Себебі олар құзырлы органдарға басқа елдің азаматтығын алғаны туралы хабарламаған және Қазақстан Республикасының паспортын немесе жеке куәлігін тапсырмаған. Бұл – олардың заңды міндеті.

Қазақстан азаматы басқа елдің азаматтығын алған күннен бастап 30 күн ішінде бұл туралы ішкі істер органдарына немесе Қазақстанның шетелдегі консулдық мекемелеріне хабарлап, паспорты мен жеке куәлігін өткізуі тиіс.

Белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алғаны туралы хабарламау – жауапкершілікке әкеледі», – дейді Әмір Жаманбаев.

Заңгердің айтуынша, егер адам шетел азаматтығын алғаны туралы уақтылы хабарламаса, оған үлкен мөлшерде айыппұл салынуы мүмкін. Немесе елден шығару санкциясы қолданылады. Айыппұл мөлшері – 100 АЕК (393 200 теңге). Сондай-ақ басқа елдің азаматтығын алған сәттен бастап Қазақстан азаматтығы автоматты түрде тоқтатылады.

Кейбір жастар Германия азаматтығын алғаннан кейін Қазақстан азаматтығынан бірден бас тартпай, оны әскерден жалтарудың бір амалы деп қарастыруы мүмкін. Алайда Қазақстанда бұл әрекет одан да қатаң жауапкершілікке әкеледі. Егер азаматтығы тоқтатылған адам ҚР паспорты немесе жеке куәлігін пайдалана берсе, оған 200 АЕК (786 400 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Сондай-ақ Әмір Жаманбаев «азаматтықтан айыру» мен «азаматтықты жоғалту» ұғымдарының айырмашылығын түсіндірді.

«Азаматтықтан айыру тек сот шешімімен және терроризм немесе Қазақстанның өмірлік маңызы бар мүдделеріне ауыр зиян келтіретін ауыр қылмыстар үшін ғана қолданылады. Көпшілік үшін бұл екі ұғым бірдей көрінуі мүмкін, бірақ заң жүзінде екеуі екі түрлі түсінік», – деді заңгер.

Егер 2008 жылы туған қос азаматтығы бар жасөспірімдер Германия армиясына алынып, ант беретін болса, бұл жағдай да заңда қарастырылған.

«Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы» заңында бұл жағдай нақты көрсетілген. Заңға сәйкес, егер азамат басқа мемлекетте әскери қызметке қауіпсіздік қызметіне, полицияға, юстиция органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарына орналасса, Қазақстан азаматтығы тоқтатылады. Бұл ереже тек Қазақстанның тиісті мемлекеттермен жасасқан халықаралық келісімдерінде өзгеше көрсетілген жағдайларда ғана қолданылмайды», – деп қорытындылады Әмір Жаманбаев.

Темірлан Құспаев,
Астана, BM.KZ

«Osmar Group» Әмір Жаманбаев Әскер Германия

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024848 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.