• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қажылыққа заңсыз барғандарға айыппұл салынады – ҚМДБ

Қажылыққа заңсыз барғандарға айыппұл салынады – ҚМДБ

14 мая, 2025 Әлем
Pixabay.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасың мәліметінше, Сауд Арабиясы билігі 2025 жылғы 29 сәуір мен 10 маусым аралығында қажылыққа визасыз немесе заңсыз келген адамдарға, сондай-ақ оларға көмектескендерге қатаң шара қолданады, деп хабарлайды Baimedia.kz.

2024 жылы Сауд Арабиясы 300 мыңнан астам шетел азаматының қажылықты заңсыз жасағанын анықтаған. Сол себепті 2025 жылдың 29 сәуірінен бастап бірнеше елдің азаматтарына электронды виза беруді тоқтатты. Бұл – умра визасымен келіп, қажылыққа қалып қойғандар саны көбейіп кеткеннен кейін қабылданған шешім.

Қажылық визасы жоқ шетел азаматтарына, қажылықты орындауға әрекет етіп Мекке және қасиетті орындарға кірген азаматтарға және шетелдіктердің сапарын басқа визалар арқылы ұйымдастырған жауапты өкілдерге 100 мың Сауд Арабиясы риалы (шамамен 26 600 доллар) көлемінде айыппұл қарастырылған. Бұл айыппұл сомасы әрбір жалған виза үшін жеке-жеке түрде есептеледі. Сонымен қатар заңсыз түрде Мекке аумағына кіргендерді жасырғандар, оларды тасымалдаған көлік жүргізушілері, орналастырған қонақ үйлер мен  жеке үй иелеріне де  26 600 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынады.

Заңсыз түрде Қажылық жасауға әрекет еткен азаматтар, Сауд Арабиясында уақытша тұрған, уақыты аяқталған немесе заңсыз түрде мекендеп отырған азаматтар елден шығарылып, 10 жыл бойы Сауд Арабиясына кіре алмайды.

Қажылық визасы жоқ шетелдік азаматтарды тасымалдаған транспорттар оларға көмектескен азаматтарға тиесілі болса, ол көліктер сот арқылы мемлекет есебіне өткізіледі.

Виза уақыты аяқталса да, Саудия аумағынан шығып кетпеген шет ел азаматтарына 50 мың риал көлемінде айыппұл, 6 айға дейін қамау жазасы және депортация жазасы белгіленген.

2025 жылы  Сауд Арабиясы 1 млн 800 мың қажыларды күтіп алуды және оларға қызмет көрсетуді жоспарлауда. Қажылық жасау тек қана арнайы виза арқылы жүзеге асырылады, басқа кез келген виза түрімен Мекке мен қасиетті жерлердің аумағына кіруге болмайды.

Биыл Қазақстаннан 4500 адам ресми түрде қажылыққа аттанады.

Қажылық ҚМДБ

Оқылып жатыр

Каспийде итбалықтар қырылды

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінде жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті

БҚО-да 61 жастағы ер адамның мәйіті табылды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024847 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Каспийде итбалықтар қырылды

Басты тақырып 18 апреля, 2026

Астана. 17 сәуір. BM.KZ — Түпқараған ауданында Каспий теңізі жағалауынан 97 итбалықтың өлексесі табылды, деп…

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінде жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті

18 апреля, 2026

БҚО-да 61 жастағы ер адамның мәйіті табылды

17 апреля, 2026

Туристер саяхат кезінде нені ескеруі керек

17 апреля, 2026

Әділет Алмат дзюдодан Азия чемпионы атанды

17 апреля, 2026

1 млн доллар жымқырған күдікті Германияда ұсталды

17 апреля, 2026

4 мыңнан аса тегін препарат сатылған — ДСМ

17 апреля, 2026

Шақырту қағазы, медкомиссия, кейінге қалдыру: әскерге шақыру туралы не білу керек?

17 апреля, 2026

Қарағанды облысындағы жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

17 апреля, 2026

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

17 апреля, 2026

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінің ширек финалына шықты

17 апреля, 2026

Трамп: Израиль мен Ливан 10 күндік бітімге келді

17 апреля, 2026

Оңтүстік Корея туризм саласында рекорд орнатты

16 апреля, 2026

Қарағанды облысында 5 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

16 апреля, 2026

Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаев дүниеден өтті

16 апреля, 2026

Қазақстандағы су есептегіш құралдарына жаңа талаптар қойылды

16 апреля, 2026

Шымкентте интенсивті алма бағына бөлінген қаржы жымқырылды

16 апреля, 2026

Екібастұзда емделушінің достары дәрігер мен медбикені соққыға жыққан (ВИДЕО)

16 апреля, 2026

Павлодарда келісімшарттағы әскери қызметші қаза тапты

16 апреля, 2026

Елорда мектептерінің бірінде оқушы қыз сынып ішінде газ балонын шашқан (ВИДЕО)

16 апреля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.