• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қызылорда облысының Шиелі ауданында «Таза Қазақстан» жобасы аясында ауқымды жұмыстар жүріп жатыр

Қызылорда облысының Шиелі ауданында «Таза Қазақстан» жобасы аясында ауқымды жұмыстар жүріп жатыр

4 сентября, 2025 Жаңалықтар

Қызылорда. 4 қыркүйек. BM.KZ — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында Шиелі ауданында ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді. Жобаның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді көркейту, халыққа қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру.

Аудан орталығында бірқатар әлеуметтік нысандардың аумақтары абаттандырылып, жаңа демалыс орындары пайда болды.

«Руханият» орталығының ауласы толықтай көркейтіліп, тамшылатып суару жүйесімен жасыл көгал егілді, субұрқақ, жарық шамдар мен орындықтар орнатылды. Сондай-ақ, И.Әбдікәрімов көшесі бойынан жоба құны 118,5 млн теңгені құрайтын жаңа аллея салынды.

Кентке кіреберіс Н.Бекежанов көшесінің бойында «Шиелі кенті» аркасы орнатылып, шаңырақ бейнелі арка, түнгі жарық шамдары, сәнді қоршаулар қойылды.

ХҚКО маңындағы аумақ заманауи келбетке ие болды. Мұнда автотұрақ, жаяу жүргіншілер жолы, декоративті жарық шамдары, дизайнды темір қоршаулар, бастырмалы орындықтар орнатылды. №244 Ы.Жақаев атындағы мектеп ауласында «Baikonyr Solar» ЖШС демеушілігімен балалар ойын және жаттығу алаңы салынды. Аумағы 364 м² құрайтын алаңға 15 жабдық қойылып, қоршалды. Жоба құны – 19,2 млн теңге.

Дәулеткерей көшесі бойында жалпы ұзындығы 480 метрді қамтитын абаттандыру жұмыстары атқарылды. 22 дана түнгі жарық шамы орнатылып, жол жиегіне дейін тас төселді. Сонымен қатар, Байтұрсынов және Жақаев көшелері қиылысында да 18,6 млн теңгенің жобасы жүзеге асырылып, ландшафтық дизайнмен безендіріліп, LED-экран қойылды.

Ауылдық округтерде де жұмыс қарқынды

Жөлек ауылында 1640 тұрғын бар. Мұнда барлық көшелер асфальтталған, жарықтандыру 98 пайыз қамтылған. Биыл ауыл кіреберісіне аудандық бюджет есебінен арка салынып, қосымша құрылыстар демеушілердің қолдауымен жүргізіліп келеді. 850 түп ағаш отырғызылып, көшелерге қиыршық тас төселді.

Иіркөл ауылдық округінде 493 млн. теңгеге 10 көшеге асфальт төселіп жатыр. Жансейіт елді мекенінде 40 көше жарығы орнатылды. Сонымен бірге «Қазсушар» мекемесінің демеушілігімен су қашыртқылары тазартылды.

Ақмая ауылдық округінде әлеуметтік нысандардың аумағы абаттандырылып, гүлдер отырғызылды. Ауылда спорт және балалар ойын алаңдары бар. 2025 жылы тағы бір футбол және жаттығу алаңы бой көтермек. Сонымен қатар «Сәт Сервис» ЖШС тарапынан ауылдың сыртқы электр желілері жаңартылып, жұмыстардың 95 пайызы аяқталды. Жыл басынан бері ауыл халқы сенбіліктерге белсене қатысып, шаруашылықтар арнайы техникамен қолдау көрсетіп келеді. 1500-ге жуық ағаш көшеті отырғызылды.

«Таза Қазақстан» акциясы Шиелі ауданында тек тазалықты сақтаумен шектелмей, кең көлемді абаттандыру мен көркейту шараларын қамтып отыр. Мемлекеттік қолдаумен қатар, жергілікті кәсіпкерлер мен шаруашылықтардың демеушілігі бұл істі жандандыра түсті.

Бұл игі бастамалар – тұрғындар үшін жайлы орта қалыптастыруға, ауылдар мен кенттің ажарын ашуға бағытталған нақты қадамдар. «Таза Қазақстан» – болашаққа жасалған үлкен инвестиция.

Ақмая Қызылорда облысы Таза Қазақстан Шиелі

Оқылып жатыр

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024848 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Әлем 20 мая, 2026

Астана. 20 мамыр. BM.KZ — АҚШ Конгресі Сенатында алғаш рет Вашингтон әкімшілігінің Иранға қарсы әскери…

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026

Қазақстанда қан компоненттерін QR-код арқылы сәйкестендіру жүйесі енгізілді

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.