Ресейден Қазақстанға жалпы құны 1,5 млрд доллардан асатын 41 шетелдік компания көшіп келді
Бұл туралы Астанадағы брифингте ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов хабарлады.
Министрдің мәлімдемесін «Интерфакс» агенттігі жариялады.
Құдайбергеновтің айтуынша, үкімет шетел компанияларын елге көшіру жөніндегі жұмыстарын жалғастырып жатыр. Тізімде 30-дан астам елдің 400-ге тарта компаниясы бар.
«Құны 1,5 млрд доллардан асатын 41 компания бойынша нақты нәтиже бар: InDriver, TikTok және басқалар. Қазір 37 компания бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Олардың қандай компаниялар екенін әзірге айта алмаймыз» дейді вице-министр. 37 компанияның жалпы құны 1 млрд долларға жуықтайтыны мәлім.