• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » «Сақ стиліндегі» номиналы 500 теңгелік банкноталар айналымға шықты

«Сақ стиліндегі» номиналы 500 теңгелік банкноталар айналымға шықты

26 декабря, 2025 Жаңалықтар
Фото: Ұлттық банк

Астана. 26 желтоқсан. BM.KZ – Қазақстан Ұлттық банкі 2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап жаңа дизайндағы номиналы 500 теңгелік банкноттарды айналымға шығаратын болды.

Банк мәліметіне сәйкес, бұл «Сақ стилі» сериясымен шыққан бесінші банкнота. Ол көшпенділер мәдениетінен бүгінгі Қазақстанның бірегей мұрасын қамтып, дәстүрлі қазақы ою-өрнектің түп тамыры саналатын «Сақ стилі» элементтеріне негізделген.

— Жаңа банкнота 2026 жылдың екінші тоқсанында жаппай қолданысқа шыға бастайды. Себебі ақшаны еліміздің барлық өңіріне жеткізу үшін және банкоматтар, терминалдар және басқа кассалық техника тәрізді жабдықтарды бейімдеу үшін қосымша уақыт қажет, — деп атап өтті ведомство.

Банкноттардың түсі — көк. Оның бет жағында мына заттар бейнеленген:

— көкте қалықтаған құспен «Бәйтеректің» бұтағы (Есік қорғаны, б. з. д. 5-4 ғғ., Алтын адам бас киімінің әшекейі, табиғат пен наным байланысының қасиетті мағынасы);
— ДНҚ спиралін және адамның табиғатпен байланысын білдіретін ою-өрнекпен безендірілген шексіздік символы;
— артефакт — Арқардың басы түріндегі әшекейдің фрагменті (Берел қорғаны, б. з. д. 8-7 ғғ., ШҚО).

Ал банкноттың артқы жағында:

— ою-өрнекпен көмкерілген қалқан аясында бейнеленіп тұрған Қазақстанда мекендейтін Арқар;
— негізгі бейненің артында бірнеше мағына беретін қазақы ою-өрнек орналасқан:
• «Қалқан» — құндылықтар қорғанын білдіреді,
• ежелгі символ — дүниенің төрт құбыласы,
• ортасында жасампаз энергияның нышаны ретінде күн белгісі бейнеленген.
— банкноттың ортасында қазақи «шексіздік» ою-өрнегінің контуры салынып, оның ішінде «Мұзтау» тауының ландшафтық көрінісі бейнеленген.

— Номиналы 500 теңгелік жаңа банкноттар 2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап айналысқа енгізіледі және айналыста жүрген 2017 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік ұлттық валюта банкноттарымен (бұдан әрі — ескі үлгідегі банкнот) екі жыл бойы ауыстырылады. Яғни, ескі үлгідегі барлық банкнот екі жыл ішінде айналыстан біртіндеп алынады. Тиісінше, осы кезеңде екінші деңгейдегі банктерге (бұдан әрі — ЕДБ) немесе ҚҰБ филиалдарына барып, ескі үлгідегі банкноттарды жаңа банкноттарға айырбастауы қажет емес, — делінген хабарламада.

Жаңа және ескі үлгідегі банкноттардың айналыста қатар жүру кезеңі 2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2027 жылғы 24 желтоқсанға дейінгі аралықты қамтиды.

Бұл кезең аяқталған соң, яғни 2027 жылғы 25 желтоқсаннан бастап, барлық банк пен Қазпоштада ескі үлгідегі банкноттарды 3 жыл ішінде, яғни 2030 жылғы 24 желтоқсанға дейін жаңа үлгідегі банкноттарға айырбастауға мүмкіндік бар. Ал ҚҰБ филиалдарында оларды мерзімсіз айырбастауға болады.

— Жаңа үлгідегі (2025 жылғы) және ескі үлгідегі (2017 жылғы) банкноттар айналыста қатар жүретін кезеңде заңды төлем құралы болып саналады. Төлемдер мен аударымдардың барлық түрін жүзеге асыру үшін, банк шоттарына аудару үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында оларды құнына қарай қабылдаунуы міндетті екенін атап өтеміз. Жаңа банкноттар еліміздегі ҚҰБ-ның барлық филиалында, Қазпоштада, екінші деңгейдегі банктерде және Қазақстандағы бейрезидент банктердің филиалдарында шектеусіз айырбасталады және ауыстырылады. Заңды төлем құралына жататын банкноттар мен монеталарды қабылдаудан бас тарту Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық болып саналатынын еске саламыз, — деп түйіндеді банктің баспасөз қызметі.

ақша валюта ҚР Ұлттық банкі теңге экономика

Оқылып жатыр

«Мен де қосыламын»: Рыбакина теннисшілердің бойкотына үн қосты

Алан – Қазақстанда жаңа туған ұл балаларға ең жиі берілетін есім

Ақтөбе облысында тағы бір әкім өз-өзіне қол жұмсады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024847 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

«Мен де қосыламын»: Рыбакина теннисшілердің бойкотына үн қосты

Жаңалықтар 6 мая, 2026

Астана. 6 мамыр. BM.KZ – Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Үлкен дулыға турнирлерінің сыйақы қорына…

Алан – Қазақстанда жаңа туған ұл балаларға ең жиі берілетін есім

6 мая, 2026

Ақтөбе облысында тағы бір әкім өз-өзіне қол жұмсады

6 мая, 2026

Пара бергені үшін іздеуде жүрген қазақстандық Грузиядан елге қайтарылды

6 мая, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

6 мая, 2026

Терроризм туралы жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады – ІІМ

20 апреля, 2026

Үндістанда отшашу фабрикасында болған жарылыстан 23 адам қаза тапты

20 апреля, 2026

Қазгидромет еліміздің 14 өңірінде қолайыз ауа райы болатынын ескертті

20 апреля, 2026

АҚШ-тағы атыс: сегіз баланы өлтірген күдікті олардың жетеуінің әкесі болып шықты

20 апреля, 2026

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінде жеңіске жетті

20 апреля, 2026

Қазақтың танымал ақыны Мұхтар Шаханов өмірден өтті

20 апреля, 2026

Каспийде итбалықтар қырылды

18 апреля, 2026

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінде жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті

18 апреля, 2026

БҚО-да 61 жастағы ер адамның мәйіті табылды

17 апреля, 2026

Туристер саяхат кезінде нені ескеруі керек

17 апреля, 2026

Әділет Алмат дзюдодан Азия чемпионы атанды

17 апреля, 2026

1 млн доллар жымқырған күдікті Германияда ұсталды

17 апреля, 2026

4 мыңнан аса тегін препарат сатылған — ДСМ

17 апреля, 2026

Шақырту қағазы, медкомиссия, кейінге қалдыру: әскерге шақыру туралы не білу керек?

17 апреля, 2026

Қарағанды облысындағы жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

17 апреля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.