Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «Хабар» арнасындағы «Бірақ» бағдарламасына қатысты пікір білдірді
Осы ток-шоуды дұрыс ұйымдастыра алмаған каналда жұмыс істейтін қызметкерлерге де бір баға берілген шығар. Әрі қарай мемлекеттік каналдарда мұндай мәселелер, олқылықтар болмайды деп санаймыз, — деді ол сенат кулуарында.
Тілшілер сенат спикерінен «Ток-шоу жабылды, бірақ қандай да бір жаза қолданылу керек пе?» деп сұрады.
Бұл осымен болды, журналистер енді басқа жобамен айналысыңдар деген шешім бола қоймайтын шығар. Өйткені агенттіктің басшылығы да, министрліктің басшылығы да осы мәселеге байланысты жауапкершілікті сезініп отыр. Сол себепті агенттік басшысы тарапынан тиісті шешім болады деп ойлаймын, — деді Мәулен Әшімбаев.
Мәулен Әшімбаев «Бір оқиға үшін бүкіл мемлекеттік арна жаман деуге болмайды» деген де пікір білдірді.