• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Шприцтен смартфонға дейін: тәуелділік дерті қоғамды қалай күйретіп жатыр

Шприцтен смартфонға дейін: тәуелділік дерті қоғамды қалай күйретіп жатыр

29 сентября, 2025 Басты тақырып
Фото: instagram

Бүгінде тәуелділік Қазақстанда маргиналды топтардың мәселесі ғана емес, қоғамдағы өзекті проблеманың бірі. Бұрындары «тәуелділік» сөзі көбіне алкоголь, есірткі немесе ойынқұмарлықпен қатар қолданылатын. Қазір аддикцияның сан түрі бар. Отбасынан миллиондаған қарызын жасырған лудоман, телефонын тартып алса, агрессияға берілетін жасөспірім, трейдингке тәуелді болған немесе несие картасымен шығындарын бақылай алмайтындарға дейін осы санатқа кіреді. Тәуелділік дегеніміз не және одан сауығу үшін не істеу керек? Психолог, тәуелділік бойынша консультант Дәурен Ассалау осы сұрақтарға жауап беріп, терапия аддиктпен қатар, олардың жақындарына да қажет екенін түсіндірді.

Айта кетейік, аддиктолог ол түрлі тәуелділікке шалдыққан науқастарды емдеумен айналысатын маман.

«Мен – тәуелді аддиктпін. Қазір ремиссиядамын… Бесінші жылға аяқ басты», – деп бастады әңгімесін аддиктолог, психология магистрі Дәурен Ассалау.

Айтуынша, оның кәсіби жолы жеке күресінен басталған. Алдымен ойынқұмарлық, одан есірткі, кейін алкогольге әуестенгенін айтады. Бас-аяғы 15 жыл тәуелді болып, оңалту орталығының пациентінен еріктіге, содан кейін лудомания бойынша диссертация қорғаған білікті маманға дейінгі жолды жүріп өткен. Мәселені осылай өз ішінен және сырттай көре білу қабілеті – кейіпкерімізге жалпы жағдайды жүйелі түрде бағалауға мүмкіндік береді. Өзі бес жылдан бері ол түрлі тәуелділікке шалдыққан науқастарды емдеумен айналысып келеді. Психология мамандығы бойынша оқып, лудомания тақырыбында магистрлік диссиртация қорғаған ол бүгінде қаладағы менталды саулық орталықтарының бірінде жұмыс істейді.

Тәуелділік емделе ме?

Оның айтуынша, тәуелділікке шалдыққан адам одан біржола құлан-таза айығып кете алмайды.

«Тәуелділік – емделмейтін дерт. Ешбір елде оның емі жоқ. Біз оны емдеп жаза алмаймыз. Бұл – адамның миы мен психикасы біржола өзгеретін созылмалы жағдай. Кез келген келесі доза, бәс тігу немесе импульсивті сауда-саттық адам санасындағы ойрандаушы механизмді қайтадан, жаңа күшпен іске қосуы мүмкін. Сондықтан терапияның мақсаты – емдеу емес, адамды салауатты және саналы өмір сүруге үйрету, тұрақты ремиссияға қол жеткізу. Бұл жерде кешенді тәсіл қажет. Яғни, ол адам өзінің науқас екенін мойындауы керек, біз соны түсінуге және ол жағдайдан шығуға мотивация береміз. «Тәуелділіктің себебі неде?» деген сұрақ жиі қойылады. Аурудың себептері – мінез-құлықтағы кемістік және мидың биохимиясы. Биохимия дәрі-дәрмекпен түзетілсе, жеке бастың кемшіліктері терең психотерапия арқылы өзгереді. Бұл процесс ұзақ әрі қиын, стационарлық емдеу мен әлеуметтік бейімделуді қажет етеді», – деді ол.

Маманның айтуынша, тәуелділіктен сауығу үшін орта есеппен жарты жылдан бір жылға дейін уақыт керек. Алайда кейбір науқаста бұған одан да көп уақыт кетуі мүмкін. Жұмыс тәжірибесіне қарасақ, бірнеше жыл бойы бастаған емін орта жолдан тастап, біраз уақыттан соң қайта келетін тәуелді адамдар жиі кездесетінін атап өтті.

«Адам рухани кемелденген сайын қиындықты жеңе де біледі. Қайтадан алкоголь немесе ойынқұмарлыққа салынбайды. Көп нәрсе адамның ерік жігеріне байланысты. Біз қанша күш салып, емдегенімізбен жігері болмаса, келесі тіккен бәс немесе бір ұрттам ішімдік дертін қайтадан қоздыруы мүмкін. Сол үшін оны емделмейтін дерт деп айтамыз. Егер ол науқас құмар ойын ойнау немесе ішімдік ішуді бақылауда ұстай алмаса, бұл бақылауды ешбір сөз, дәрі мен әдіс те қайтара алмайды», – деп қосты психолог.

Тәуелділіктің қандай түрлері бар?

Маманның сөзінше, бүгінде аддиктологияда тәуелділіктің көптеген түрі бар. Мәселен, Қазақстанда кең таралған түрі – лудомания.

«Қазір ойынқұмарлық жасарып барады. Елімізде құмар ойынды 21 жастан бастап қана ойнауға болатын етіп заң қабылдады. Бірақ тәжіриебемізден айтсақ, балалар 16-20 жастан бастап ойнайтынын көріп отырмыз. Алайда дәрігерлерге ауру әбден асқынып, қарызға батқан кезде ғана келеді. Лудоманияға шалдыққан адам дертін өте мұқият жасырады және мәселе, әдетте, қаржылық тығырыққа тірілген сатысында ғана әшкере болады», – дейді ол.

Оның үстіне, алкоголизм, нашақорлықтан кейін ақша жұмсауға деген құштарлық тәуелділігі тұр.

«Кредитомания – тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде бар дерт. Сондай-ақ, қазір трейдинг пен қаржы пирамидалары өзекті болып отыр. Одан бөлек, тамақтану бұзылыстары, никотинге тәуелділік, сексоголизм сияқты тәуелділік кездеседі», – дейді маман.

Бұған қоса, цифрлық тәуелділіктер де белең алған. Скролинг (әлеуметтік желідегі лентаны айналдыру), онлайн-ойындар, үздіксіз видео көру – осының бәрін сарапшы «арзан дофаминнің» көзі деп атайды. Себебі, ми жеңіл стимуляцияға тез үйренеді де шынайы өмір сұрқайы әрі қызықсыз болып көріне бастайды.

«Смартфонда көп отыру тәуелділік болуы мүмкін. Жалпы, адамның адъективті ынталандыруы дегеніміз не? Ол белгілі бір құрал арқылы өзінің табиғи негізгі сезімдерін өзгерту. Алкоголь, есірткі, ойын, тамақ, телефон, ақша – мұның бәрі құрал. Адам оны алған кезде белгілі бір сезімдерді қабылдай бастайды. Егер бұл жай ғана табиғи түрде болса ештеңе етпейді. Бірақ ол әдетке айналғанда және бұл әдет ұзаққа созылса, оның қалыпты өмірі құлдырай бастайды. Тәуелділік осылай біртіндеп қалыптасады. Смартфонда көп отыратын бала болашақта тәуелділікке душар болады деп біржақты айта алмаймыз. Алайда телефонда көп ойын ойнау кейін компьютерлік тәуелділік пен лудоманияға әкелуі мүмкін. Бізге ата-аналар келіп, баласының компьютерде немесе телефонда көп отыратынын айтады. Ондай бала өте агрессивті, қоғамға жат, өзін, денсаулығын бақылауға, дамуға, үйренуге ниеті болмайды. Өкініштісі, мұндай жағдай кездеседі және бұл тәуелділікке дер кезінде назар аудармаса, кейін үлкен қиындықтарды тудыруы мүмкін», – дейді маман.

Оның пікірінше, аталған тәуелділіктің белгілері бар, соған қарап адамның дертін аңғаруға болады.

«Мысалы, ішімдікке тәуелділік бірден байқалады. Ал нашақор адам бірнеше күн ұйықтамай немесе тәулік бойы ұйықтауы мүмкін. Дұрыс тамақтанбай немесе тамақты көп ішеді, салмақ тастап, көзі солады. Лудоманға келсек, тәбеті мен ұйқысы қалыпсыз, агрессия, өтірік айту, тұрақты табыстың болмауы, қаржылық қиындық және т.б. Негізі лудоманды әшкере ететін басты нәрсе – оның қаржылық жағдайы. Ақшасы таусылғанда немесе қарызға белшеден батқанда ол жағдай бәрібір белгілі болады. Аурудың белсенді фазасындағы проблемалары – банктен несие, микроқаржы ұйымдарынан және таныстардан қарыз алады. Қаржылық сауаты бар адам тапқан табысын жоспарлап, орнымен жұмсайды, ал ойынқұмардың ақшасы болмайды», – дейді психолог.

«Бір адамның тәуелділігі бүкіл отбасының проблемасына айналады»

Маманның сөзінше, тәуелділік бастапқыда тек бір адамның ғана дерті болғанымен, кейін бүкіл отбасының проблемасына айналады.

«Жақындары көмектесемін деп жүріп, өздері де дерттің бір бөлігіне айналады, бұл қосалқы тәуелділік (созависимость) деп аталады. Әдетте туған-туыстары жағдайды бақылайды, құтқара бастайды, қарыздарын жабады, ұрысады, қорқытады, бірақ осы әрекеттерімен патологиялық жүйені тек қолдап отырады», – деп қосты ол.

Дәл осы себепті клиникаларға алғашқы қоңыраулардың 90%-ы аддикттердің өздерінен емес, олардың әрекетінен шаршаған туыстарынан – аналарынан, әйелдерінен, әкелерінен, әпке-қарындастарынан түсетінін атап өтті. Алайда, тәуелді адамды емделуге көндіргеннің өзінде, оның бұрынғы «қосалқы тәуелді ортаға» оралуы дерттің қайта «қозуына» әкелуі мүмкін.

«Сондықтан да тек жалғыз тәуелді адамға ғана емес, терапия бүкіл отбасына қажет. Тәуелдіге бөлек, қосалқы тәуелдіге бөлек тепария жүргізіледі. Отбасы мүшелері де консультация алып, аталған дерттің еріксіз демеушісі болуды тоқтатуы керек. Көп жағдайда адамдар дерт әбден асқынған кезде келеді. Тәуелділікке шалдыққан науқастардың жасы әр түрлі. Мәселен, алкоголизммен келетіндердің жасы 40-тан асқандардан басталса, есірткіге тәуелділердің жасы 20-35 аралығында жиі кездеседі. Ал ойынқұмарлардың белгілі жасы жоқ. Тәжірибемізде алғашқы ойынды 15 жастан бастап ойнайтынын көрсетеді. Бірақ бұл жаста дәрігерге бармайды. Өйткені бастапқыда ата-анасы, туыстары қарызды жауып, оны құтқаруға көмектеседі. Әдетте 22-25 жастан бастап жүгінеді. Жұмыс істеп жатқан осы бес жылымның ішінде ең жас пациент – 15-тегі жасөспірім болды, ескірткіге әуестенген қызды оңалту орталығына жатқыздық. Ал ең ересек емделуші – 68 жастағы кейуана ішімдіктен емделе бастады», – деді аддиктолог.

Айта кетерлігі, бүгінде елімізде тәуелділікке шалдыққандардың нақты статистикасы жоқ. Психологтың пікірінше, аддиктер мемлекеттік мекемелерге жүгінбейді, себебі тіркеуге алынса кейін жұмысқа тұру кезінде алдынан шығады деп қорқады.

«Тәуелді адам көп, бірақ олардың статистикасын жүргізуге келгенде мұқият болу керек. Мемлекеттік оңалту орталықтары мысалы психоневрологиялық орталықтар тіркеуге алса, ол анықтама өмір бойы қыр соңынан қалмайды деп қорқады. Мемлекеттік қызметке барса немесе жүргізуші куәлігін алуда қиындық туындатуы мүмкін. Біз тәуелді адамға дерттен айығу тіркеуге алыну қорқынышынан да маңызды екенін түсіндіреміз. Сондай-ақ, Астана мен Алматыда мұндай қызметті көрсететін мемлекеттік орталықтар бар, ал кей өңірде жоқ болуы мүмкін. Сондықтан науқастар анонимділікті сақтайтын жекеменшік орталықтарға жүгінеді», – дейді Дәурен Ассалау.

Сонымен қатар аддиктолог тәуелділік емделмейтін дерт болғандықтан өмір бойы ресмиссия мен емдеудің кешенді әдістерін қажет ететінін атап өтті. Ал одан сауығуда отбасылық жүйенің маңызды рөл атқарады. Оның пікірінше, тәуелділікті ерте кезден анықтау үшін жасөспірім кезде (14-16 жаста) бастаған жөн деп есептейді, себебі түрлі қауіпті нәрсемен алғаш рет осы кезде таныса бастайды. Ең бастысы, оның алдын алу үшін отбасы, мектеп, мемлекет пен түрлі деңгейдегі қоғамдық ұйымдар бірлесіп жұмыс істеуі керек.

Айнұр Шошаева,
BM.KZ
Астана

Дәурен Ассалау лудомания смартфон тәуелділік

Оқылып жатыр

Демалыс күндері Қазақстанда күн райы қандай болады

Ақтөбеге шұғыл қонған халықаралық рейске байланысты тексеріс басталды

Парламент «ҚР Президенті туралы» заң жобасын мақұлдады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024847 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Демалыс күндері Қазақстанда күн райы қандай болады

Басты тақырып 8 мая, 2026

Астана. 8 мамыр. BM.KZ – Қазгидромет 9-11 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстан аумағының…

Ақтөбеге шұғыл қонған халықаралық рейске байланысты тексеріс басталды

8 мая, 2026

Парламент «ҚР Президенті туралы» заң жобасын мақұлдады

8 мая, 2026

Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды

8 мая, 2026

Астанада 9 мамырға орай қандай іс-шаралар өтеді

8 мая, 2026

154 кг марихуана: Семей тұрғыны гаражын есірткі қоймасына айналдырған

8 мая, 2026

Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден элиталық дивизионға шықты

8 мая, 2026

Бауыржан Байбек жаңа қызметке тағайындалды

8 мая, 2026

Хантавирус анықталған лайнердегі жолаушылар саяхатты жалғастырады

7 мая, 2026

Енді әр азамат қандай жеке деректері ашық тарап кеткенін тексере алады

7 мая, 2026

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

7 мая, 2026

«Мен де қосыламын»: Рыбакина теннисшілердің бойкотына үн қосты

6 мая, 2026

Алан – Қазақстанда жаңа туған ұл балаларға ең жиі берілетін есім

6 мая, 2026

Ақтөбе облысында тағы бір әкім өз-өзіне қол жұмсады

6 мая, 2026

Пара бергені үшін іздеуде жүрген қазақстандық Грузиядан елге қайтарылды

6 мая, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

6 мая, 2026

Терроризм туралы жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады – ІІМ

20 апреля, 2026

Үндістанда отшашу фабрикасында болған жарылыстан 23 адам қаза тапты

20 апреля, 2026

Қазгидромет еліміздің 14 өңірінде қолайыз ауа райы болатынын ескертті

20 апреля, 2026

АҚШ-тағы атыс: сегіз баланы өлтірген күдікті олардың жетеуінің әкесі болып шықты

20 апреля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.