• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Шымкентте ет бағасы 5 мың теңгеге жетті

Шымкентте ет бағасы 5 мың теңгеге жетті

25 июля, 2025 Басты тақырып

Шымкент. 25 шілде. BM.KZ. /Әсел Мәдәліқызы/ – Себебі, саудагерлердің айтуынша, оңтүстік өңірдегі еттің басым бөлігі экспортқа шығарылған.

Шымкентте сиыр еті таңсық тағамға айналып барады. Өйткені соңғы аптада базарларда саудаланатын еттің келісі 5000 теңгеге жуықтаған.

Жергілікті саудагер Шаһизат Омарова еттің бағасы 2024 жылдың соңында көтеріле бастағанын айтады. Бұған дейін қаланы етпен қамтамасыз етіп келген мал бордақылаушылар енді өнімді көптеп шетелге шығара бастаған. Салдарынан отандық нарықтағы ет бағасы да көтерілген көрінеді.

«Басында көтерме бағада 2200 теңгеден келетін ет бағасы 3 жарым мыңға көтеріліп кетті. Біз мысалы 2200 теңгеден алып, 2400-ден сатсақ, келесі әкелгенде 2800 теңгеге көтеріліп кетті. Солай-солай үстінен қосып, қымбаттатып жіберді. Себебі Иран, Өзбекстан сияқты ет қымбат елдерге экспортқа жіберіп жатыр. Ол өзіміздің тұрғындарға қиын. Себебі ет өзімізде болып тұрып, адамдар қымбатқа ет жеуі ақылға сыймайды», — дейді сатушы Шаһизат Омарова.

Оның сөзінше, қымбатшылық зейнеткерлер мен көпбалалы отбасыларға ауыр соғып жатыр. Бұған дейін келілеп ет алатын тұтынушылар саны соңғы кезде күрт азайған. Олар енді арзанырақ тауық етін сатып алуға көшкен көрінеді.

«Бәрімізге белгілі қарапайым халықтың айлығы 250 мың теңгеден аспайды. Ал зейнеткерлер ең көп дегенде 100-120 мың теңге зейнетақы алады. Шымкентте көбі көпбалалы отбасы, балаларын асырау үшін бұл ақшаны 1 айға жеткізу керек. Сондықтан 10 жылдап қатып тұрған тауық етін алуға мәжбүр. Оның құнары жоқ, денсаулыққа зиян. Бірақ амал жоқ қой. Өзіміз арзан сатуға көтерме бағада 3000-3500 теңгеге ет таппай жатырмыз», — деген арызын да жеткізді саудагер.

Саудагерлер өнімнің көп бөлігі шетелге шығарылған соң тіпті қалада өздері сататын ет те таппай қалатын көрінеді. Ал қала тұрғындары баға қанша көтерілсе де етті жемей жүре алмайтындарын жеткізді.

«Базарда қымбат. Қонық күтетініміз бар. Бізге ет тамақ жемей жүру мүмкін емес. Сондықтан арасында аз-аздан сатып аламыз. Ал көп керек кезде, жіліктеп сатып аламыз», — дейді қала тұрғыны Жансая Мұхат.

«Мен базарға көп бармаймын. Алдын ет керек болып 2 келідей ғана алдым-ау. Соның өзі 10 мың теңгедей болды. Ондай шығып кетеді деп ойламағанмын. Бар ақшамды төлеп кеттім», — дейді қала тұрғыны Айкен Назарова.

«Бұрын қойдың еті арзан еді. Соны алатынбыз. Ол да бірден қымбаттап кетті. Енді сиыр еті де қымбаттап кетті. Тек базардан қойдың өзін сатып аламыз ба, білмеймін? Бірақ үлкен қойлардың өзі 100 мың теңге деп естідім. Бірнеше отбасы бөліп сатып алмасақ, ол да қиындау сияқты. Қарапайым халықты ойлап жатқан ешкім жоқ», — дейді қала тұрғыны Дәулетбек Төртбаев.

Күнделікті тұрғындар тұтынатын тағамдар сатумен айналысатын қоғамдық тамақтану орындары да ірі қара етінің көтерме бағасы қымбаттағанын айтады. Сондықтан әр тамақ үстіне 100 теңгеден қосып, бағасын өзгертіп отыратын көрінеді.

«Былтыр жылдың соңында еттің келісін 3200 теңгеден алатын едік. Қазір 3900 теңгеден келіп жатыр. Бірақ біз 2-3 келі деп алмаймыз. Бүтін сиырдың етін аламыз. Сондықтан сәл базардан арзандау. Ет қымбат келген сайын тамақтардың бағасын 50-100 теңгеге көтеруге тура кереді. Өйткені тамақтың бағасы өзін ақтамай қалады», — дейді кәсіпкер Гүлнұр Сандыбаева.

Ал сарапшы Кирилл Павлов ет бағасының қымбаттауын шөптің ерте қурап кетуімен байланыстырады. Сөзінше шілде айының басында оңтүстік өңірдегі шаруалар жайылымдықта шөп қалмағанын айтып арызданған.

«Оңтүстікте жаз қатты ыстық болып жатыр. Естуімша 14 %-дай шөп кеуіп кеткен. Бұл шілденің басында еді. Қазір шығын одан да көп шығар. Елімізде жас мал Солтүстікте өсіріліп, бордақылау оңтүстікте өтеді. Солай елді мал етімен қамтамасыз ету ыңғайлы еді. Енді оңтүстікте мал азығы жоқ. Оны басқа аймақтардан тасып әкелу одан сайын қымбаттатып жатыр», — дейді аграрлық сала сарапшысы Кирилл Павлов.

Жауаптылар да мал азығы қымбаттауы еттің құнына әсер еткенін жасырмады. Бірақ нарық бағасын тұрақтандыру үшін сиыр етін экспорттау уақытша тоқтағанын айтады ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.

«Шымкенттегі базарларға еттің негізгі бөлігі Түркістан облысынан, соның ішінде Қарабұлақ ауылынан жеткізіледі. Айта кету керек, елде ет бағасын тұрақтандыру мақсатында ірі қара мал экспорттауға тыйым салынған. Сонымен қатар, бүгінгі таңда мал азықтары (жүгері, жем қоспалары, шөп) қымбаттады. Бұл сиыр етін өндірудің өзіндік құнын арттырады.
Бағаны тұрақтандыру үшін «айналым схемасы» механизмі аясында сауда желілерімен келісімшарттар жасалып, сиыр еті килограмы 2 590 теңгеден сатылып жатыр», — делінген министрліктің баспасөз қызметі жолдаған жазбада.

Айта кетейік, қазір Шымкент қаласындағы 60 сауда нүктесінде сиыр еті әлеуметтік азық-түлік ретінде төмен бағада сатылып жатыр.

Ал ауыл шаруашылығы саласында эксперт маман алдағы уақытта еліміздің басқа өңірлерінде де еттің бағасы өсетінін жеткізді. Себебі елімізлегі басты мал бордақылаушы аймақтағы қымбатшылық 1-2 айдың ішінде барлық облысқа жетіп үлгереді.

ет бағасы қымбатшылық сауда Шымкент

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024848 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.