• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Шымкентте сот қызметкері есірткі сақтағаны үшін сотталды

Шымкентте сот қызметкері есірткі сақтағаны үшін сотталды

9 октября, 2025 Жаңалықтар
Фото: freepik.com

Астана. 9 қазан. BM.KZ – Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жетекші маман ретінде жұмысқа кіру үшін сынақ мерзімінен өтіп жүрген қызметкер есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін сотталды. Бұл ақпарат алғаш болып әлеуметтік желілерде таралған болатын. Кейіннен Шымкент қалалық полиция департаменті мен сот өкілдері растады.

Айта кетейік, Telegram желісіндегі @Koza4kov_bot арнасы таратқан дерекке сәйкес, демалыс күндері құқыққорғау қызметкерлері жас әйелді тоқтатқан. Тексеру барысында, одан есірткі заты тәркілеген. Белгілі болғандай, оның қылмыстық сотта мұрағатшы болып жұмыс істейтіні анықталған.

Қалалық соттың мәліметінше, күдікті 2025 жылдың 16 шілдесінен бастап жетекші маман қызметіне қабылданып, сынақ мерзімінде болған. Қызметкердің еңбек қатынасы бұзылып, бүгінгі таңда жұмыстан босатылған.

«Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ю. мен Т.-ға қатысты қылмыстық теріс қылық ісі қаралды. Ю. және Т. ҚК-нің 296-бабының 3-бөлігімен (психотроптық затты өткізу мақсатынсыз заңсыз иемдену, сақтау) айыпталған. Ю. және Т. 2025 жылғы 4 қазан күні Телеграм әлеуметтік желісі арқылы «меткатинонның аналогы 3-хлорметкатинон» атаулы психотроптық затын сатып алып, заңсыз сақтаған. Сотталушылардың кінәлары өздерінің, куәлардың жауаптарымен, айғақ затты алу хаттамасымен, заттай дәлелдемелермен, сот-химиялық сараптама қорытындысымен және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденеді», – деп мәлімдеді Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі.

Тергеу барысында айыпталушы, ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 3-бөлігі бойынша («Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау») кінәлі деп танылып, 100 сағаттық қоғамдық жұмыс жазасына кесілген.

жаза Полиция басқармасы сот қызметкері тергеу Шымкент

Оқылып жатыр

«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы ойындары Астанада өтеді

БҚО-да 8 адам қаза тапқан жол апатынан аман қалғандардың жағдайы белгілі болды

Түркістан облысында өрттен қаза болған 12 адамды жерлеуге көмек беріледі

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024467 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы ойындары Астанада өтеді

Жаңалықтар 18 ноября, 2025

Астана. 18 қараша. BM.KZ — «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасы аясында «Олимпиакос» және «Брюггемен» Астанада ойнайды.…

БҚО-да 8 адам қаза тапқан жол апатынан аман қалғандардың жағдайы белгілі болды

18 ноября, 2025

Түркістан облысында өрттен қаза болған 12 адамды жерлеуге көмек беріледі

18 ноября, 2025

Шығын 420 млн теңге: Кореядан арзан көлік әкелемін деп елді алдаған әйел сотталды

18 ноября, 2025

Астанада тұрғын үй қасбетінің кірпіш қаптамасы құлап, жарақат алған фельдшер көз жұмды

18 ноября, 2025

Түркістан облысында полицеймен атысқан ер адам қайтыс болды

18 ноября, 2025

Түркістан облысындағы 12 адамның қазасы: Үкіметтік комиссия құрылды

18 ноября, 2025

Хаммасы якшы булади! Астана мен Ташкентке «экономикалық нәзіктік» не үшін керек?

18 ноября, 2025

Екібастұзда ер адам тізесіне салынған екпеден кейін қайтыс болды — тексеріс басталды

18 ноября, 2025

Қазақстандағы «Лукойл» активтерін Chevron компаниясы сатып алуы мүмкін

18 ноября, 2025

Қандастар қай елдерден көп келіп жатыр

18 ноября, 2025

Түркістан облысында жер үйде болған өрттен 12 адам мерт болды

18 ноября, 2025

Түркістан облысында жоғалып кеткен 15 жасар қыз Алматыдан табылды

18 ноября, 2025

Бангладештің бұрынғы премьер-министрі өлім жазасына кесілді

17 ноября, 2025

Иран билігі құрғақшылық жағдайында жаңбырды жасанды түрде жаудыра бастады

17 ноября, 2025

Батыс Қазақстанда жол апатынан 8 адам көз жұмды

17 ноября, 2025

Қазақстандағы алғашқы АЭС «Балқаш» деп аталатын болды

17 ноября, 2025

Яна Легкодимова ісі: Екі айыпталушы да өмір бойына бас бостандығынан айырылды

17 ноября, 2025

Елімізде 7 мың лифтіні жаңарту керек – сарапшы

17 ноября, 2025

Құтқарушылар Астана тұрғындарына ескерту жасады

17 ноября, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.