Астана. 15 сәуір. BM.KZ — Таяу Шығыстағы соғыс Ұлттық қор түсімдеріне тікелей әсер еткен жоқ. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Жамаубаев Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды Курсив.
«Ұлттық қор жылдан жылға артып жатыр. Ұлттық қор портфелі жеткілікті сараланған. Оның құрамында теңге, шетел валюталары, соның ішінде әртүрлі дамыған елдердің валютасы да қамтылған», – дейді Жамаубаев.
Сондай-ақ ол мұнай бағасы қазіргі деңгейде қалса, бюджетке қосымша қаржы түсетінін айтты.
