• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Тиімді, бірақ қауіпті. Жасанды интеллект туралы сарапшылар не дейді

Тиімді, бірақ қауіпті. Жасанды интеллект туралы сарапшылар не дейді

3 октября, 2025 Ғылым
Фото: freepik.com

Жасанды интеллект күнделікті тіршілігімізге дендеп енген сайын оның кері әсері туралы да жиі айтыла бастады. Беталды қолдана берсе, түбі адамды ойлана білу қабілетінен айырып тынуы мүмкін. Бірақ, қазіргі қоғамның бір бөлшегі болып бекігендіктен оны қазіргі қолданыстан түбегейлі жойып тастау да мүмкін емес. Сондықтан сала мамандары заманның жаңа технологиясын реттеу шараларын күшейтуге шақырады.

Жасанды интеллект бүгінде жаһандық өркениеттің келбетін өзгертетін басты күшке айналып барады. Сондықтан осы технологияның мәні мен даму беталысын пайымдай алатын гуманитарлық сала мамандарын тәрбиелеп шығару керек. Елордада өтіп жатқан digital bridge 2025 халықаралық форумында сөйлеген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЖИ-дің қауіпті тұстарына ерекше тоқталған еді.

«Артықшылыққа ие топтар алгоритмдерді пайдаланып, әлдебір құндылықтар мен ойлау моделін қоғамға таңуы ықтимал. Оған жол беруге болмайды. Бұл әлемнің мәдени әралуандығына қиянат жасау болып саналады. Технология таңдаулыларға ғана емес, баршаға қызмет етуге тиіс. Әділ шешімі осы», – деген еді мемлекет басшысы.

Әлбетте, жасанды интеллекттің мүмкіндіктері де, тигізер көмегі де орасан. Үлкен деректерді тез өңдеп уақыт үнемдеу, тұтынушымен байланыс орнату, чат-боттар, тіпті, медицинада диагноз қоюға, рентген талдауға, құқық саласында да көмекші ретінде пайдалы. Алайда сала мамандары мәселенің екінші қырын да ескертеді. Оны құрастырған алгоритмдер адамды адастыруы да мүмкін.

«Әсіресе чат GPT, Gemini сынды ашық жүйелерде қолданушы жүктеген деректер серверлерде сақталып қалады. Бұл деректер ЖИ-ді үйретуге қолданылады, бірақ сонымен бірге ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін де туғызады. Бұдан бөлек, оған енгізілген деректерді қолданып, қолданушының өзін манипуляциялайды. Мысалы, қойылған сұраққа өзінше қиялға беріліп, қате жауап ұсынуы мүмкін», –  дейді IT, ЖИ және киберқауіпсіздік саласының маманы Евгений Недельский.

Мұндай қауіп өскелең ұрпаққа да төніп тұр. Үй тапсырмасын осының көмегімен орындау белең алғаны жиі айтылады. Егер оны ертерек реттемесе, санасы шектелген, шешім қабылдауды білмейтін ұрпақ шығуы мүмкін деген қауіп бар. Сондықтан мектеп бағдарламасына енгізетін болса, оны салалы министрлік лимиттеп отыруы керек деген пікір айтылады.

IT, ЖИ және киберқауіпсіздік саласының маманы Нұрбек Аманбектің сөзінше, әрбір модельді өзінің шектеуіне қарай үйретіп қоюға болады. Егер керек емес тақырыптар бойынша әңгіме қозғалатын болса, оны модель өз бетінше шектеп, тек оқу жөнінде немесе сарапшы ретінде өзінің анализін бере алатындай шектеулер қоя алады.

Әдетте күнделікті тіршілігімізге қаншалықты еніп кеткені де байқалмайды. Компьютердегі қолданыстан бөлек, қарапайым қаладағы көлік кептелісі мен бағдаршам жүйесі де қазір осы жаңа технологияға байланған.

Айта кетейік, 24 қыркүйекте Мәжіліс Жасанды интеллект туралы заң қабылдаған болатын. Сонда олардың жаһандық, коммерциялық және саясиланған деректер негізінде оқытылғаны айтылды. Бірақ оның ішінде ұлттық құндылықтарымыз бен дүниетанымдық бағдарларымыз жоқ. Сондықтан ЖИ-дің отандық нұсқаларын жетілдіруді дереу қолға алу мәселесі туындап тұр.

IT Евгений Недельский жасанды интеллект ЖИ Нұрбек Аманбек сарапшы

Оқылып жатыр

Ұлыбританиялық акционер Air Astana-дағы үлесін сатпақ

Батыс Қазақстанда жол апатынан үш адам көз жұмды

11 айда экономика өсімі 6,4 пайыз болды – Серік Жұманғарин

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Ұлыбританиялық акционер Air Astana-дағы үлесін сатпақ

Жаңалықтар 17 декабря, 2025

Астана. 17 желтоқсан. BM.KZ — Ұлыбританиялық BAE Systems корпорациясы Air Astana-дағы үлесінің жартысына жуығын сатпақшы.…

Батыс Қазақстанда жол апатынан үш адам көз жұмды

17 декабря, 2025

Дәрігерді соққыға жыққандарға жаза күшейтілді — Мәжіліс

17 декабря, 2025

Мемлекет басшысы ресурстарды үнемдеп пайдалануға шақырды

17 декабря, 2025

Жеке меншік мектептер дауы: 60 орындық мектепке 600 оқушының ақшасы бөлініп келген

17 декабря, 2025

11 айда экономика өсімі 6,4 пайыз болды – Серік Жұманғарин

17 декабря, 2025

Қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова 96 жасқа толды

17 декабря, 2025

ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Автомобилисттен» басым түсті

17 декабря, 2025

Режиссер Роб Райнер мен әйелінің өлімі: ортаншы ұлы күдікке ілінді

17 декабря, 2025

Әуеде Air Astana ұшағының салонында өрт шықты

17 декабря, 2025

Италия тауларында мыңдаған динозавр ізі табылды

17 декабря, 2025

​Атырауда қайтқан адамның сүйегі пәтерде үш апта жатып қалған

17 декабря, 2025

БҚО-да тағы бір ер адамның денесі табылды

16 декабря, 2025

Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы телемұнара жаңа реңке боялды

16 декабря, 2025

Forbes: Маск 600 миллиард доллар байлығы бар бірінші адам болды

16 декабря, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16 декабря, 2025

БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

15 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлының допинг ісіне қатысты маңызды жаңалық айтылды

15 декабря, 2025

Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай үш жылға бас бостандығынан айырылды

15 декабря, 2025

Таразда смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады

15 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.