• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Тоқаев: Қазақстан Еуразияның цифрлық хабына айналуы керек

Тоқаев: Қазақстан Еуразияның цифрлық хабына айналуы керек

11 августа, 2025 Ғылым
Фото: Ақорда

Астана. 11 тамыз. BM.KZ – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Президенттің айтуынша, алдағы бес жылдың ішінде Қазақстан цифрлық мемлекетке айналуы тиіс әрі жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін толық пайдаланатын ел болуы қажет. Осы биік мақсатқа жету үшін стратегиялық бағдарымызды айқындап алу керек.

«Биыл шілдеде АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі «America’s AI Action Plan» стратегиясын жариялады. Онда жасанды интеллект АҚШ-тың технология, экономика және қорғаныс салаларында көшбасшы ел болып тұруына қажетті аса маңызды құрал ретінде қаралған. Мамандарымыз осы және басқа да құжаттарды мұқият зерделеп, нақты қорытынды жасауы керек. Ал Қытай Жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жаһандық ұйым құру туралы бастама көтерді. Мақсат – жасанды интеллектіні басқаруға арналған көпжақты тәсілдерді ілгерілету, сондай-ақ, цифрлық алшақтықты жою, жасанды интеллектіні тұрақты қолдану және оны пайдалану этикасын қалыптастыру. Қытайдың мұндай ұйым құру туралы ұсынысын қолдау керек деп ойлаймын. Дайындық іс-шараларына атсалысу қажет. Бұл – еліміздің мүддесі. Қазақстанның негізгі мақсаты – Еуразиядағы цифрлық хабқа айналу», – деді президент.

Мемлекет басшысының сөзінше, жаһандық технологиялық бәсеке күшейген тұста Үкіметке Стратегиялық жоспарлау агенттігімен бірлесіп, жасанды интеллектіні дамыту және елдің цифрлық трансформациясы жөнінде кешенді бағдарлама әзірлеу тапсырылды. Құжаттың мақсаты – Қазақстанның бәсекеге қабілетін арттырып, жаңа индустрияларды қалыптастыру. Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» қорымен бірге жыл соңына дейін жасанды интеллектіні өндірістік үдерістерге енгізіп, экономикалық тиімділігін көрсететін үлгілер ұсынылуы тиіс.

Мемлекет басшысы мемлекеттік қызмет көрсету саласында да түбегейлі өзгеріс қажет екенін айтты.

«Қазақстанда қызметтердің басым бөлігі әлі де «цифрлық фиксация» деңгейінде. Бұл – қағаз жүзіндегі бюрократияны цифрлық форматқа көшіру ғана. Бұдан тиімділік артқан жоқ. Үкімет үш айдың ішінде өтініштерді қарау және шешім қабылдау үдерісінде жасанды интеллектіні кеңінен пайдалану бойынша нақты шаралар әзірлеуі керек», – деді президент.

Сондай-ақ, ол жасанды интеллектіні реттейтін заң қабылдау шұғыл міндет екенін атап өтті. Құжатта инновация, жауапкершілік, қауіпсіздік, азаматтардың құқығы және кәсіпкерлердің мүддесін қорғау тең дәрежеде ескерілуі тиіс.

Тоқаев бүкіл мемлекеттік және квазимемлекеттік цифрлық экожүйені біртұтас платформаға көшіруді тапсырды. 2026 жылдың қаңтарынан бастап жаңа ақпараттық жүйелерді құруға мораторий енгізе отырып, тек QazTech ұлттық цифрлық платформасын жаппай қолданысқа енгізу жоспарланып отыр. Бұл тәсіл артық шығынды болдырмай, деректердің толық массивін қалыптастырмақ. Үкімет 2026 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін QazTech-тің толық ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету процедурасын аяқтауы тиіс екенін ескертті.

Бұдан бөлек, дербес деректерді қорғау мәселесіне де тоқталды. Қазір азаматтардың жеке мәліметтері көбіне халықаралық мессенджерлер арқылы беріліп, бұл деректердің ұлттық юрисдикциядан тыс жерге кету қаупін тудырады. Осыған байланысты отандық Aitu мессенджерін қолдануды ұсынып, жеке деректерді пайдаланатын барлық ресми коммуникацияны ұлттық қауіпсіздік деңгейі жоғары платформаға көшіру қажеттігін атап өтті.

Aitu QazTech Ақорда Еуразиялық хаб жасанды интеллект Заң мессенджер Тоқаев

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024848 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.