• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Трамп: Қазақстан — менің екінші мерзімімде Ибраһим келісіміне қосылған бірінші ел

Трамп: Қазақстан — менің екінші мерзімімде Ибраһим келісіміне қосылған бірінші ел

7 ноября, 2025 Әлем
Фото: AP Photo / Alex Brandon

Астана. 7 қараша. BM.KZ — АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстанның Ибраһим келісіміне қосылуын әлем елдері арасында алтын көпір орнатудағы маңызды қадам деп бағалады.

 — Қазір ғана Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлестім. Қазақстан менің екінші мерзімімде Ибраһим келісіміне қосылған бірінші елге айналды және бұл басы ғана. Бұл — бүкіл әлем бойынша алтын көпір орнатудағы алғашқы үлкен қадам. Бүгінде көптеген ел менің Авраам келісімім арқылы бейбітшілік пен өркендеуді қабылдауға ниет танытып отыр. Таяу уақытта мұны ресми жасау үшін қол қою рәсімі жайын жария етеміз және де көптеген ел осынау күш клубына қосылуға тырысып жатыр. Елдерді тұрақтылық пен өсім — нағыз прогресс, шынайы нәтиже үшін біріктіруде әлі де көп дүние істеу қажет, — деп жазды АҚШ Президенті.

Айта кетейік, Қазақстан Ибраһим келісіміне қосылды.

Бұл — АҚШ-тың қолдауымен Израиль, араб және мұсылман әлемі арасындағы ынтымақтастық алаңы ретінде Ибраһим келісімдерін жаңғыртуға бағытталған қадам

Америкалық Аxios басылымының хабарлауынша, Қазақстан мен Израиль 30 жылдан астам уақыттан бері дипломатиялық қарым-қатынастарды дамытып келеді. Алайда, жаңа келісім Вашингтонның бағалауынша, діни төзімділік пен өңіраралық диалогтың нышанына айналады.

Ақ үйдегілер Қазақстанның келісімге қосылуы Газа секторындағы соғыстан кейін Израильді халықаралық қолдауды қалпына келтіру бағытындағы алғашқы қадам болатынын айтады.

АҚШ шенеунігінің сөзінше, келісімге жаңа мұсылман мемлекеттерінің қосылуы Израильдің легитимділігін нығайтып, өңірдегі бейбітшілік пен ынтымақтастыққа жасалған жаңа қадам болады.

Израильдің БАӘ, Бахрейн және Мароккомен қарым-қатынасын жетілдіру жөніндегі келісім Трамптың бірінші президенттік қызметіндегі шешуші дипломатиялық жетістік болатын.

Енді Вашингтон өңірлік ынтымақтастық пен дінаралық өзірі түсіністікті дамытуға екпін түсіре отырып, бұл форматты кеңейтуді көздеп отыр.

Ақ үй Сауд Арабиясының Тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманның 18 қарашада Вашингтонға жасайтын сапарының алдында Авраам келісіміне серпін бермек.

Майамидегі экономикалық конференцияда сөйлеген сөзінде Трамп Сауд Арабиясының АҚШ-тағы елшісі, Рима бинт Бандарға Эр-Риядты келісімге мүше елдердің қатарынан көргісі келетінін айтқан.

АҚШ Жаңа Қазақстан Қазақстанның сыртқы саясаты

Оқылып жатыр

Forbes: Маск 600 миллиард доллар байлығы бар бірінші адам болды

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

БҚО-да тағы бір ер адамның денесі табылды

Жаңалықтар 16 декабря, 2025

Астана. 16 желтоқсан. BM.KZ — Батыс Қазақстан облысында боран кезінде барлығы төрт адамның көз жұмғаны…

Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы телемұнара жаңа реңке боялды

16 декабря, 2025

Forbes: Маск 600 миллиард доллар байлығы бар бірінші адам болды

16 декабря, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16 декабря, 2025

БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

15 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлының допинг ісіне қатысты маңызды жаңалық айтылды

15 декабря, 2025

Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай үш жылға бас бостандығынан айырылды

15 декабря, 2025

Таразда смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады

15 декабря, 2025

Дмитрий Огай «Шахтер» футбол клубын жаттықтырады

15 декабря, 2025

Ақмола облысында 640 келі балық аулаған браконьерлер сотталды

15 декабря, 2025

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

15 декабря, 2025

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

15 декабря, 2025

«S-Group» қаржы пирамидасы 136 млн теңгеден астам залал келтірді

15 декабря, 2025

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

15 декабря, 2025

Колумбияда мектеп автобусының апатынан 17 оқушы қаза тауып, 20-сы жарақат алды

15 декабря, 2025

Түркістан облысында 260 тонна мақта жанып кетті

15 декабря, 2025

Қазақстандық жасөспірімдер V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды

15 декабря, 2025

БҚО-да үш қабатты жатақхананың шатыры ұшты: тұрғындар көшірілді ме

15 декабря, 2025

Атыраудағы дүлей дауыл тұрғын үйлердің шатырын ұшырып, электр желілерін қиратты

14 декабря, 2025

Алматыда гашиш сақтаған күдікті қамауға алынды

14 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.