• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Жәнібек Әлімханұлы допинг тесттен өтпей қалды — The Ring

Жәнібек Әлімханұлы допинг тесттен өтпей қалды — The Ring

3 декабря, 2025 Басты тақырып
Фото: Sports.kz

Астана. 3 желтоқсан. BM.KZ — WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегі алдындағы допинг тестінен өтпей қалды.

Танымал Америкалық «The Ring magazine» кәсіпқой бокс басылымының хабарлауынша, Жәнібек Әлімханұлы VADA сынағынан кейін өнімділікті арттыратын дәріні қолданғаны туралы жағымсыз қорытынды шығарды.

Осылайша, осы сенбі күнге жоспарланған Жәнібек Әлімханұлы және Эрисланди Лара арасындағы орта салмақтағы WBO, IBF және WBA белбеулері үшін біріккен титулдық жекпе-жектің сәтті өтуіне үлкен қауіп төнді.

Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына қатысты өз пікірін айтты.

Боксшы әрқашан таза спортты қолдайтынын, қайта анализ тапсыратынын айтты.

— Мен әрқашан таза спортты қолдаймын. Мұны жақсы білесіздер. Мен таза спортты насихаттап жүргенімді де білесіздер. Жаңалықты оқып таңғалып отырмын. VADA бірінші рет анализ алып, бәрі таза деп еді. Мен витаминдеріме де, тамағыма да ешқандай өзгеріс енгізбедім. Екінші рет тестте неге мұндай болғанын түсінбей отынмын, біз қайта анализ тапсыруға өтініш айттық. Жауабын күтіп отырмыз! — деді боксшы instagram парақшасында.

WBO ерікті допингке қарсы қауымдастықтан (VADA) талдау қорытындысы туралы ресми хабарлама алғанын растады.

— Ұйым ережелеріне сәйкес және адалдыққа, спортшылардың қауіпсіздігіне және әділ бәсекелестікке деген міндеттемемізді қайта растай отырып, WBO ішкі тергеу процесін бастайды. Спортшыларға және оның өкілдеріне толық құқықтар, тиісті рәсімдер және барлық тиісті ақпаратты, түсініктемелерді және құжаттаманы ұсыну мүмкіндігі берілетін «Себепті көрсету туралы хабарлама» жіберіледі, — делінген ресми мәлімдемеде.

WBO барлық қатысушыға допингке қарсы іс-шаралар қатаң жауапкершілік саясаты бойынша жүргізілетінін еске салды.

— Осы саясатқа сәйкес, егер спортшының сынамасында тыйым салынған зат табылса, WBO ниет, кінә, немқұрайлылық немесе қасақана пайдалануды дәлелдеуге міндетті емес. Тыйым салынған заттың оның денесіне енбеуін қамтамасыз ету спортшының міндеті болып саналады және спортшы анықталған кез келген тыйым салынған зат үшін толық жауапты болады, — деп атап өтті ұйым.

WBO бұл мәселе қазір белсенді тергеу үстінде болғандықтан және процестің тұтастығын сақтау үшін қазіргі уақытта ешқандай түсініктеме бермейтінін, барлық тарап WBO ережелеріне сәйкес кез келген шешімдер немесе әрекеттер туралы жазбаша түрде хабардар етілетінін мәлімдеді.

BoxingScene басылымының хабарлауынша, ерікті допингке қарсы қауымдастық (VADA) боксшының допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний дәрілік затын тапқан.

Айта кетерлігі, мельдоний Шығыс Еуропаның кейбір елдерінде рецепт бойынша берілетін дәрі болып саналады, бірақ Әлімханұлы бұл затты бұрын-соңды қолданғанын жоққа шығарғандықтан, бұл даулы мәселе болуы мүмкін.

Мельдоний 2016 жылы Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) жарыс кезінде де, жарыстан тыс уақытта да қолдануға тыйым салынған дәрілер тізіміне енгізілді. Себебі ол төзімділікті арттыру және оңалту мен қалпына келу процесін жеделдету үшін метаболизмді өзгерту қабілетіне байланысты.

Басылымның айтуынша, дәрілік заттарды тексеру кезіндегі барлық жағымсыз нәтижелерге қатысты стандарт сияқты, кінәлі тарап өзінің «В» үлгісін тексеруді талап етуге құқылы. Нәтиженің әртүрлі болуы өте сирек кездеседі. Дегенмен боксшылар күдікке іліккеннен кейін тесттен қайта сәтті өткен жағдайлар болған.

бокс допинг Жәнібек Әлімханұлы Кәсіпқой бокс спорт

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.