• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Жамбыл облысындағы жайылымдарды есектер құртып жатыр

Жамбыл облысындағы жайылымдарды есектер құртып жатыр

23 октября, 2025 Жаңалықтар
Фото: house-animals.ru

Астана. 23 қазан. BM.KZ – Жамбыл облысындағы жайылымдарды тып-типыл қалған есектер енді аштан қырыла бастады. Қала іргесіндегі Байзақ және Талас ауданының тұрғындарының айтуынша, айнала өлексеге толған. Тіпті бірнеше аудан халқы су ішетін Талас өзені де есектің моласына айналды деп дабыл қағуда, — деп хабарлайды КТК.

Жайылымы тарылып жыларман хәлге түскен ауыл тұрғындары екі жылдан бері «есекке есеміз кетті» дейді. Өйткені жылқылар тақыр жерге қыста тебіндей алмай қалған. Малдың қысқы шөбін үйге жинауға көшкен жұрт биліктен көмек сұрап отыр.

 — Жайылымда жусанның шөгірінен басқа ештеңе қалған жоқ. Ауылдың малы арық. Қиын жағдай, жем-шөп те қымбат. Жалпы шаруашылыққа үлкен нұқсан келіп жатыр. Талас өзені жағалауын қу тақырға айналдырған сансыз есек енді орман шаруашылығының жеріне ауыз сала бастаған. Біз тұрған жер ауыл малының қысқы азығын дайындайтын шабындық жері болатын. Қазір бұл маңда есектің тезегінен аяқ алып жүре алмайсың, — дейді Байзақ ауылының тұрғыны Қазтұрған Болысбаев.

Есек жайлаған бірнеше ауылдың тұрғындары білгісіз себептен әр жерде өліп жатқан жануарлар «ауру тарата ма» деп қорқып отыр. Ал осы өзеннен малы су ішіп отырған Талас ауданының тұрғындары тіршілік нәрін ластауға жол бергендер жауапқа тартылсын дейді.

Аудан әкімі есек бағуға есі кеткен кәсіпкерге сөз өтпейтінін айтып налыды. Ол екі жылдан бері есекті «елсіз мекенге әкетемін» деген уәдісін сол күйі орындамаған.

— Бізде бәрібір сенім жоқ. Әр хабарласқан сайын 20 күнде алып кетемін, 30 күнде алып кетемін дейді. Бірақ алып кетпейді. Құзырлы органға да, инспекцияға да, ветеринария қызметіне де бердік, негізгі құзырет соларда, — дейді Байзақ ауданының әкімі Олжас Баққараев.

Ал осы салаға жауапты облыс әкімінің орынбасары есекті алып кету үшін министрліктен көмек сұрап отырғанын айтады. Қазір мұң болған мәселені шешу бағытында Қытаймен келіссөз жүріп жатқан көрінеді.

— Біз былтырдан бері ауыл шаруашылығы минстірлігіне жасыл дәліз ашып беру рұқсатын күтіп отырмыз. Яғни олар Қытай тарапымен келіседі. Келіссөздер жүргізіліп жатыр. Қытаймен келісу оңай емес. Қазір чипталды, базада тұр. Қытай тарапы жасыл дәлізді ашқан кезде ол есектердің бәрін кету туралы талап қойып отырмыз, — дейді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Тамабек Әбілхайыр.

Ауыл тұрғындары аумағы ат шаптырым жерді жалға алып, есектерін қараусыз жіберген кәсіпкерге ешқандай шектеу қоя алмай отырған әкімдікке өкпелі. Олар шаруашылыққа жүк көліктерімен әлі де есектер алып келіп жатқанын айтып оыр. Ал бұл салаға жауапты әкімдік өкілдері жасыл дәлізге рұқсат алудан басқа амал жоқ деп отыр.

есек Жамбыл облысы

Оқылып жатыр

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024848 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Әлем 20 мая, 2026

Астана. 20 мамыр. BM.KZ — АҚШ Конгресі Сенатында алғаш рет Вашингтон әкімшілігінің Иранға қарсы әскери…

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026

Қазақстанда қан компоненттерін QR-код арқылы сәйкестендіру жүйесі енгізілді

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.