• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » ЖАП ғылым саласында 42,5 млрд теңге тиімсіз пайдаланылғанын анықтады

ЖАП ғылым саласында 42,5 млрд теңге тиімсіз пайдаланылғанын анықтады

19 августа, 2025 Ғылым
Фото: Жоғары аудиторлық палата

Астана. 19 тамыз. BM.KZ — Мемлекеттік аудиторлар ғылымды дамытуға бөлінген бюджет қаражатының қаншалықты тиімді пайдаланылатынын тексерді. Аудит нәтижелері Жоғары аудиторлық палата отырысында қаралды.

Жүргізілген аудит одан әрі жетілдіруді талап ететін бағыттарды анықтауға мүмкіндік берді. Олардың қатарында стратегиялық жоспарлау, негізгі институттардың қызметі және саланы нормативтік реттеу бар.

Мәселен, ғылымды қаржыландыру көлемінің 219 млрд теңгеге дейін өсуіне қарамастан, ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) жұмсалатын шығындардың үлесі төмен. Аудиторлар қолданбалы ғылыми әзірлемелер енгізуді жандандырып, оларды экономиканың нақты секторының сұраныстарына бейімдеу қажеттігіне де назар аударды.

Бағдарламалық құжаттарда белгіленген ғылым саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаттары Ғылым және жоғары білім министрлігінің даму жоспарында толық көрініс таппаған. Ғылым комитеті мен салалық мемлекеттік органдар арасында тиісті өзара іс-қимылдың жоқ екені де байқалады, бұл ғылыми әзірлемелерді сапалы енгізуде тәуекелдер туындатады.

Ұлттық ғылыми кеңестердің (ҰҒК) жұмысында қосымша назар аударуды қажет ететін факторлар анықталған. Кеңестердің жекелеген мүшелері бір мезгілде бірнеше қаржыландырылатын жобаға қатысқаны белгілі болған. Бұл мүдделер қақтығысы тәуекелін туындатады және реттеу рәсімдерін одан әрі жетілдіруді талап етеді.

«Сонымен бірге, ғылыми кеңес мүшелерінің сараптамалық қорытындыларды есепке алмай қабылдаған шешімдері үшін, олқылықтары бар жобаларды мақұлдағаны үшін, сондай-ақ, өздері бұрын мақұлдаған жобаларды қаржыландыруды тоқтатқаны үшін жауапкершілігі белгіленбеген», — деп атап өтті аудиторлар.

Ғылыми конкурстарды айтарлықтай кешіктіріп жариялау, кейбір жағдайларда 500 күннен артық кешіктіру фактілері тіркелген. Ғылыми-техникалық сараптама рәсімдерінің мерзімдері сақталмайды.

Қаражаттың пайдаланылуын және нәтижелерге қол жеткізілуін бақылауды қамтамасыз етуге арналған ғылыми жобалардың мониторингі айтарлықтай нәтиже бермейді. Ескертулер, пысықтау бойынша ұсынымдар немесе жекелеген кемшіліктері болса да  жобалар одан әрі қаржыландырылып отырған.

Ғылым қорын коммерцияландыру жобаларын іске асыруда да кемшіліктер бар. Аяқталған 42 жоба жоспарлы сату көлеміне жетпеген, ал 8 жоба бойынша мүлде өнім шығарылмаған.

Жетекші жоғары оқу орындарының жанынан инжинирингтік орталықтар мен технопарктер ашуда қаражатты мақсатқа сай пайдаланбау және сатып алу құнын арттыру фактілері анықталған.

Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша барлығы 1,7 млрд теңге қаржылық олқылық табылған. Одан бөлек, 24,2 млрд теңге тиімсіз жоспарланған, 42,5 млрд теңге тиімсіз пайдаланылған.

Анықталған заңбұзушылықтардың жекелеген фактілері бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберіледі.

Әлихан Смайылов ғылым ЖАП Жоғары аудиторлық палата заңбұзушылық қаржы

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024848 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.